Туризм дамып келеді - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Қарағанды облысындағы туризм саласының дамуы кеше облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ төрағалығымен өткен аппарат жиынында қарастырылды.

Облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Татьяна Аблаеваның мәлімдеуінше, облыс аумағында 2 ұлттық табиғи парк, 12 табиғи кіші қорық, Арқаның алқасы – Балқаш көлі, 2500-ден астам тарихи және мәдени ескерткіштер (оның 1538-і мемлекет қорғауында, 22-сі республикалық маңызға ие) орналасқан.

2015 жылы облыс бойынша 208 нысан туристерге қызмет көрсетті. Бұлардың қатарында жайлылығы әртүрлі деңгейдегі қонақүйлер, жазғы аймақтар, лагерлер мен демалыс үйлері, басқа нысандар бар. 2014 жылмен салыстырғанда (182 бірлік) олардың саны 14,3 пайызға артты.

258 мың адамға қызмет көрсетіліп, республика бойынша біздің облыс 3 орынға шықты. Көрсетілген қызмет құны 3 млрд. 418 млн. теңгені құрады. Осы жерде атап өтері, 2015 жылы бір тәулікке берілетін бір орын жалының орташа сомасы 2014 жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға төмендеп, 4689 теңге болды.

Жергілікті жерлерде туризм салалары бойынша даму байқалады. Қарқаралы ауданында экологиялық, этнографиялық, емдеу-сауықтыру және туризмнің белсенді түрлері қарқын алуда. Ұлытау ауданында қажылық, тарихи, этно-экологиялық туризм, Балқаш көлі маңында жағалау, емдеу-сауықтыру туризмі, Ақтоғай ауданында экологиялық туризм, Қарағанды қаласында іскерлік және мәдени-танымдық туризм өрістеуде.

Сондай-ақ, туристер арасында Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы, ҚарЛаг саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайы, Спасск мемориалдық кешені сынды нысандар зор қызығушылыққа ие.

Татьяна Аблаева Қарқаралы ауданы мен Балқаш көлі маңындағы курорттық аймақтардағы даму көрсеткішінің көтерілгендігін айтты. Мұндай көрсеткіштерге қол жеткізуде ивестиция тартудың, аймақтық туризм өнімін ілгерілетуге бағытталған шаралар мен «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып отырған жұмыстар септігін тигізуде. Аталған бағдарлама аясында 2010 жылдан бері туризмге қатысты 19 жоба мақұлданды. Облыс экономикасына 2 млрд. теңгеден астам қаржы құйылып, 359 жұмыс орны ашылды.

2015 жылы және 2016 жылдың І тоқсанында жекеменшік инвесторлардың қаражатынан 2,8 млрд. теңгеге 16 туристік жоба қанат қағып, 165 жұмыс орны құрылды.

Жыл соңына дейін құны 3 млрд. теңге болатын 10 жоба жүзеге асып, 200 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Бұдан бөлек, былтыр Приозерск қаласына 5 шақырым жерде, Балқаш көлі жағалауында республикалық бюджет есебінен 120 орындық «Балқаш» емдеу-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды. Жұмсалған қаржы көлемі – 5 млрд. теңгеден астам.

Приозерск қаласында курорттық-туристік аймақ құру бағытындағы жұмыстар атқарылуда.

Облыстың туристік өнімін ілгерілету мақсатында жергілікті туристік ұйымдар Алматыда өткен 16-шы «Туризм және саяхат» туризм көрмесіне қатысты.

Облысқа, оның ішінде, туризм саласына да инвестиция тарту мақсатында 27 сәуірде Қарағанды қаласында «KaragandaInvest – 2016» Халықаралық Инвестициялық форумы өткізілді. Форум барысында инвесторларға облыстың туристік мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды.

«Астана ЭКСПО – 2017» ҰК» АҚ-ның Қарағандыдағы көшпелі отырысында Астана қаласы мен Қарағанды облысындағы туристік субъектілер арасында, облыстың туроператорлары мен «Астана ЭКСПО – 2017» ҰК» АҚ арасында, Ақмола облысы мен Қарағанды облысындағы кәсіпкерлер арасында әріптестік жөніндегі меморандумдарға қол қойылды.

Қарағандыдағы «Космонавт» отелі «ЭКСПО»-дан ұсынылған» бағдарламасына алынып, көрме сайтына туристерге қызмет көрсетуші нысан ретінде ресми енгізілетін болды.

Бүгінгі таңда «Nomadic Travel Kazahstan», Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және «Павлин-Тур» туроператорлары Қарағанды облысы бойынша Астана қаласындағы «ЭКСПО» көрмесінің нысандарын қамти отырып туристер саяхатының сапарын жоспарлап қойды.

 

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 365
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px