Ынтымақ түбі – береке - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ Корея Республикасы Дегу қаласының мэрия өкілдері – Хонг Сок Джун, Сон Хе Джу, Пак Сонг Минмен кездесті. Аймақ басшысы қонақтарға Қарағанды облысы туралы, аймақты әлеуметтік-экономикалық дамытудағы жергілікті билік орындарының жұмысы хақында әңгімелеп берді. Атап айтқанда, сыртқы экономикалық байланыстарға, «Сарыарқа» АЭА қызметіне, облыстың мәдени өміріне тоқталды.

Кездесу барысында денсаулық сақтау мәселесі де талқыланды. Облыс әкімі жергілікті атқарушы биліктің Мемлекет басшысының тапсырмасына орай әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарып отырған міндеттерінің бірі – тұрғындардың денсаулығы, денсаулық сақтаудың дамуы екенін атап өтті.

Қарағанды облысы емдеу-сауықтыру ұйымдарының қазіргі медициналық құралдармен жабдықталуы, білікті мамандармен қамтылуы, күнделікті ем жасаудың жаңа технологиясын енгізу үшін барлық жағдайды жасап отыр.

Өз кезегінде Кореядан келген қонақтар жылы қабылдауға, олардың қайырымдылық акциясын өте жақсы ұйымдастыруға қол ұшын созған Қарағандыға ризашылықтарын білдірді. Еске сала кетейік, бұл акция Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің бастамасымен өтуде.

4-9 маусымда жетекші емханалардан құралған 63 корейлік маман Қарағанды аймағы тұрғындарын тегін қабылдауда.

Аталған шара корей мен қазақ-стандық дәрігерлердің медициналық тексеру жүргізу саласындағы ұзақмерзімді серіктестігін өрістетуге, Қарағанды мен Дегу қаласының дәрігерлерінің тәжірибе алмасуына, Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында медициналық туризмді дамытуға бағытталған.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 355
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px