Қырағы қырандар ұясы - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Қырағы қырандар  ұясы
Облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ «Ұлт жоспарына орай, полиция қызметкерлерін іріктеу мен әзірлеу жүйесін жетілдіру» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік кон­ферен­цияға қатысты.
Бұл іс-шара профессор Роза Балбатырқызының рухына ар­налған болатын. Конферен­ция модераторлары – ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының басшысы, заң ғылымдарының докторы, гене­рал-майор Жан Кенжетаев,  ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқық реформасы комитетінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы құқықтық кеңес төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Әбдіров.
Бұл күні ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы – елдің түрлі ведомстволарында жемісті еңбек етуші білікті мамандарға қанат қақтыруда. Академия сұранысқа ие 17 мыңнан астам маманды түлетті. Қазір олар республикамыздың және ТМД-ның ішкі істер органдарында еңбек етуде. Жоғары қызметтер атқаруда. Бірі – Парламент депутаты болса, тағы біреулері қоғамның және мемлекеттің танымал қайраткерлеріне айналды.
– Дәл осы оқу орнында профессор Роза Құлжақаеваның рухына арналған халықаралық конференцияның өткізілуі де бекер емес. Роза Балбатырқызы осы жоғары оқу орнында 45 жыл еңбек етіп, ғалымдар мен құқық қорғау органдары басшыларының тұтастай керуенін тәрбиелеп шығарды – деді Нұрмұхамбет Әбдібеков.
Конференция жұмысы бірнеше секцияларда өрбіді.
Жиынға, сондай-ақ, ҚР Парла­ментінің, Конституциялық кеңес­тің, Әділет министрлігінің, Ресей, Қырғызстан, Белоруссия елдерінің өкілдері мен профессор Роза Балбатырқызының туыстары қатысты.
Роза Құлжақаева ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы академияда оқытушы, аға оқытушы, доцент болып еңбек етті. Ғылыми дәрежесі – заң ғылымдарының кандидаты. 1995 жылдан бастап академияның қылмыстық құқық және криминология кафедрасының профессоры болды. Бұған қоса, заң ғылымдары бойынша кандидаттық жұмыстарды қорғаудың дис­сертациялық кеңесінің мүшесі, ғылыми жетекші болды. 60-тан астам ғылыми жұмысы жарық көрді. Халықаралық, респуб­лика­лық және академиялық ғылыми-тәжірибелік конференция­ларда ғылыми баяндамалар оқыды. Көп­теген жылдар бойы Қыл­мыс­тық құқық және криминологияны мемлекеттік тілде оқытудың пәндік-әдістемелік кеңесін басқарды.
Роза Балбатырқызы – Қазақс­танда жоғары офицерлік және ғылыми дәреже – полиция полковнигі және профессор дәрежесін алған тұңғыш әйел. Ол «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері», «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «СССР ІІМ адал қызметі үшін», «ҚР ІІМ үздік қызметі үшін» мемлекеттік және ведомстволық наградаларымен наградталды. Сондай-ақ, ҚР ІІМ «Үздік қызметі және жоғары жетістіктері үшін», ҚР БҒМ «ҚР білім беру ісінің үздігі» құрмет грамоталарымен марапатталған. ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының басшылығы да Роза Балбатырқызына бірнеше рет алғыс және марапаттауларын ұсынды.
Ғылымды және білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін, ғылыми-педгогикалық және қоғам­дық қайраткерлігі үшін, ішкі істер органдарындағы үлгілі қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 5 жел­тоқсандағы Жарлығымен Роза Құлжақаева «Құрмет» орденімен марапатталды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 460
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px