Замана көшінде – зияткерлер - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Замана көшінде – зияткерлер
Аяулым СОВЕТ,
«Орталық Қазақстан» 
Өткен сенбіде Қазақстанның жас зерттеушілері Қарағандыдағы «Жастар» спорт кешенінде өткен «Roboland-2016» фестивалінде бас қосты.
Халықаралық фестиваль­ге қазақстандық және аймақ­тық робототехниканың да­муына бейжай қара­майтын, техникалық шығарма­шы­лықпен айналысатын, робото­техникаға қызығу­шылық та­нытқан қала тұрғындары жиналды. Фестиваль бойынша roboland.kz сайтына 400-ден астам қатысушыдан өтініш тіркеліп, Қазақстанның 12 аймағынан – 213 команда (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары, Астана және Алматы қалалары) қатысты. Сондай-ақ, Ресей Федерациясы (Санкт-Петербург және Уфа) мен Сербиядан шетелдік командалар өз жобаларын ұсынды. Облыстық білім басқармасы мен облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және «Сарыарқа дарыны» ғылыми орталығы – шараның өтуіне ұйытқы болды.
Жалпы, фестиваль бағ­дарламасы аясында роботтар 13 аталым бойынша сайысқа түсіп, семинарлар, мастер-кластар, тұсаукесерлер өтіп, көп­шіліктің назарына ро­бототехникалық көрме ұс­ынылды. Шараның ашылуында облыс әкімі Н.Әбдібеков сөз алды.      
– Робототехника еліміздегі инновациялық тұрғыда кеңінен қарқын алып келе жатқан сала. Қазақстандағы робототехникадан Жапония, Германия, Корея елдері он шақты жылға озық. Бұл ретте еліміздегі робототехниканы дамытуда тынымсыз еңбектің қажет екені белгілі. Сіздер, болашақ ғалымдар ғылымда индустриялды роботтарды шығара алатын зауыттар құрып, осы саланы дамытсаңыздар – еліміздің технологиялық жағынан қарқынды дамуына себепкер боласыздар, – деп атап өтті аймақ басшысы.
Облыстық білім басқар­ма­сының басшысы Асхат Аймаған­бетов қонақ­тарды фестивальдің өту ретімен таныстырып, робот құрастырушы жас ғалымдардың жобасына жеке-жеке тоқталды.
Сондай-ақ, қатысушыларды Білім және ғылым министрлігі атынан республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер құттықтады.
Салтанатты жиында Қа­рағанды облыстық тірек-қимыл аппараты зақымданған балалар мектеп-интернатының оқушысы, «R.BOT 100» жобасының авторы Руслан Жалаевтың роботы сөйледі. Жетінші сынып оқушысы өзі мүгедек арбасында отырса да, осындай байқауларға жиі қатысып тұратынын айтып, қатысушыларға онлайн көрсетілім түрінде роботы арқылы сәттілік тіледі.
Валерий ЛЕБЕДЕВ, «Kazdi­dak» қауымдастығының төр­аға­сы, ұйымдастырушы:
– «Roboland-2016» – алғыр оқу­шыларды зияткеркерлікке бағыт­тау мақсатында өтті. Қазақстан робототехника бойынша Ресейден – 8 жыл, Америкадан – 25 жыл (1993 жылдан робототехника енгізілген) артта келеді. Алайда, соңғы екі-үш жылда жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бар. Көрші елдер тәжірибесін мең­геру ар­қылы робототехника саласында арнайы бағдарлама құрып, маман даярлауға толық негіз бар.
Фестивальге қатысушы қа­лалық «Дарын» мектеп-ин­тернатының 10-шы сынып оқу­шылары:
– Роботтар қашанда адамдармен тығыз байланыста болғандықтан, робототехника саласы технологиямен бірге дамиды. Жаңа технологиямен бірге, кәсіпорындар мен әскери салада жиі қолданылады. Адамның барлық бұйрықтарын орындайды, – дейді.
Жалпы, ғалымдардың айтуынша робот тақырыбы XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қарқын алып, шетел жазушылары Мэри Шеллидің «Франкенштейн», чех жазушысы Карл Чапек «R. U. R.» сынды шығармаларында айтылған. Кейін туындылар сахналанып, «робот» термині әдебиеттен ғылым мен техникаға енген.
Ал, Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында робото­техника курсы 2014 жылы енгізіл­ді. Құралдармен және оқу әде­биеттерімен жабдықталған 35 оқу сыныбы құрылып, мектеп мұ­ғалімдері осы саланы оқыту әдістемесі бойынша курстан өтті.

(Сурет ekaraganda сайтынан алынды).

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 258
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px