Үздіктер қара үзді - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Үздіктер қара үзді
Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ «Әрбір қазақстандық үшін басты құндылық – өзінің денсаулығы» деп атап өткен болатын. Осы мақсатта Қарағандыда салауатты өмір салтын қалыптастыру аясындағы шаралар жиі өтіп тұрады. Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Street Workout»  жарысы – соның айқын дәлелі.

Жалпы, «Street Workout»  – жастардың талпынысын жан-жақты дамытуды көздейді. Арнайы спорттық құрылғылардың қолдануынсыз орындалатын, түрлі жаттығулардың жиынтығынан тұратын бұқаралық спорттың бір түрі. Бұл орайда, қазіргі таңда елімізде ресми түрде «Street Workout» федерациясы қызмет ететіні белгілі.
Ал, қалалық №81 жалпы білім беретін орта мектебінде өткен биылғы шара – жасөспірімдерді  спортқа баулу арқылы қылмыстық істерді азайтуды мақсат етті. Сондықтан, осы мақсатта жиі ұйымдастырылатын, үнемі өткізілетін спорттық іс-шаралардың маңызы зор екені белгілі болды. Белтемір, жазықтық сатылар секілді спорт түрлерінен шымыр жастарды жинады. Олардың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, бұқаралық спортқа қызғушылықтарын арттыруды көздеді. Жарысқа студенттер мен мектеп оқушылары арасынан 20 әуесқой спортшы қатысты. Әркім өзінің білек күші арқылы жеңіс тұғырынан көрініп, көптің қошеметіне бөленді. Топ жарған «Street Workout» үздіктері қатарға қабылданып, кейінгі буынға салауатты өмір салтын насихаттау барысындағы шараларды жиі өткізіп тұруға келісті.
Қарағандыда осы аталған спорт түрімен шұғылданатын жас спортшылардың басын қосып, бастамашы болып жүрген Әлішер Самарбаев: «Жастар арасында аталмыш спорт түріне ден қойып, белсенді түрде айналысып жүргендердің қатары күн санап артып келеді. «Street Workout» – тан әлем чемпионатында топ жарған қазақстандық спортшылар қатарын толықтыратын жастардың  өсіп келе жатқаны қуантады», – деді. Алдағы уақытта Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығымен бірлескен спорттық шараларды өткізуге уағдаласты. Жарыс соңында жеңімпаз атанған жас спортшылар арнаулы медаль және Алғыс хаттармен марапатталды.
Ернат КЕМАЛОВ,
«Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкері.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 109
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px