ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
Төрехан МАЙБАС,
«Орталық Қазақстан»

Жақында облыстық мәслихаттың депутаты, комиссия төрағасы Шамиль ОСИННІҢ төрағалығымен облыстық мәслихаттың өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының бірінші отырысы өтті.
Онда мына мәселелер қарал­ды.
1. Қарағанды облысында мал ұстаудың Ережесін бекіту туралы.
2. Облыс орталығында, об­лыстық және аудандық ма­ңызы бар қалаларда, кенттер мен селолық елді мекендерде жер учаскелерін жеке меншікке бергенде алынатын базалық ставкаларды бекіту туралы.
3. 2016 жылға арналған Қара­ғанды облысының жер үсті су ресурстарын пайдаланудың ставкалары туралы.
4. «Қарағанды облысы ауыл шар­уашылығы басқармасы» МБ 2016 жылғы көктемгі егістік жұмыс­тарына дайындығы бойынша жұмыстары туралы.
Бірінші мәселе бойынша Қа­ра­ғанды облысы ветеринария бас­қармасының басшысы Қ.Тұр­сынбеков баяндама жасап, мәс­лихат комиссиясының назарына  Қарағанды облысында мал ұстаудың Ережесін ұсынды. Барлық қажетті сынамалардан өткен осынау құжатқа депутаттар аз шұқшиған жоқ. Өйткені, бұған дейін мұндай ережелер елімізде бола қоймаған екен.
Екінші мәселе бойынша Қара­ғанды облысы жер қатынас­тары басқар­масы­ның басшысы А.Шалмағанбетов баяндады. Барлық қажетті сынамалардан өткен бұл құжатты да депутаттар қызу талқылады. Халық қалаулыларын  облыс орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен селолық елді мекендерде жер учаскелерін жеке меншікке бергенде алынатын базалық ставкаларының өскені алаңдатқан еді. Алайда, сарапшы мамандар бұл ставкалардың жыл сайын емес, он жылда бір рет өсетінін алға тартты.
Үшінші мәселе бойынша Қарағанды облыстық  табиғи ресурстар және та­биғатты пайдалануды реттеу басқар­масының басшысы міндетін атқарушы Ә.Тазабеков баяндады.
Төртінші мәселе бойынша Қара­ғанды облысы  ауыл шаруа­шылығы бас­қар­масының басшысы Б.Асанов баян­дама жасады. Қазірдің өзінде қолда бар тұқымның шығымдылығы тек­серілген. Басым көпшілік тұқым бірінші және екінші дәрежеге жеткен, жоғары сұрыпты тұқым. Облыс өзін іс жүзінде тұқыммен толық қамтамасыз етіп отыр. Қаржылай көмек ала отырып, шаруашылықтар картоп және көкөніс өсірумен де шұғылданатын болады.
Комиссия қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабыл­данды.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 175
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px