ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

ӨЗЕКТІ  МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
Төрехан МАЙБАС,
«Орталық Қазақстан»
Кеше облыстық мәслихаттың депутаты Шамиль ОСИННІҢ төрағалығымен облыстық мәслихаттың өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Оның жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы Рысқали ӘБДІКЕРОВ, аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, облыстық басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Онда мына мәселелер қаралды.
1.Қарағанды облысында жер қатынастарын реттеу саласының жайы және бұл жұмысты жетілдірудің шаралары туралы.
2.Қарағанды облысындағы орман шаруашылығының және ерекше қорғалатын табиғи территориялардың жайы туралы.
Бірінші мәселе бойынша Қара­ғанды облысы жер қатынастары басқармасының басшысы А.Шал­мағанбетов баяндама жасады.
Қарағанды облысы жер ресурстарына кенде емес. Тауарлы ауыл шаруашылық өндірісін жүргізуге қолайлы жерлер бізде жеткілікті. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев қазіргідей жаһандану кезеңінде еліміздің қауіпсіздігін, соның ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін түрлі деңгейдегі басқосуларда үнемі көтеріп келеді. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бізге бабаларымыз мұра етіп қалдырған, қолда бар жер ресурстарын ғылыми негізде басқара отырып, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалануға байланысты екендігі дау тудырмайды. Бұл бағытта мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шешімдер мен аграрлық саланы қолдауға бағытталған шаралар да жеткілікті. Соның ішінде «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 35-ші және 36-шы қадамдары қолда бар жер ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыру және жер қатынастарын реттеуді одан әрі жетілдіруді көздейді.
Қойылған мақсат кәдеге аспай жатқан ауыл шаруашылық жерлерді нарықтық айналымға қосу, жер пайдаланушыларға жалға алып отырған жерлерін жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндіктер жасау, сондай-ақ, жердің нысаналы мақсатын өзгерту жолдарын оңтайландыру болып табылады.
Ағымдық жылдың өткен кезеңінде заңды тұлғалармен және білікті органдармен жерді пайдалану бойынша 15 қаулы дайындалып, қабылданған. Облыс бойынша ондай жердің көлемі 1285 гектарға жеткен. Республикалық бюджетке аударылатын ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шеккен залалдың сомасы 55 млн.519 мың теңгені құраған.
Жыл басынан бері жоспарлы жылдық 418,5 мың гектардың орнына аудандық әкімдіктер 211,7 мың гектарды айналымға қосқан (50,6%). Жер қорын түгендеу жұмыстарының қорытындысы бойынша бос жатқан жерлерді мемлекет иелігіне қайтару шаралары жүргізіліп, бүгінгі таңда пайдаланылмай жатқан 1835,2 мың гектар анықталып, оның 1151,1 мың гектарында жұмыс қайта өрбіп,  281,6 мың гектары мемлекет иелігіне қайтарылған. 402,5 мың гектар бойынша материалдар тиісті шаралар қолдану үшін жұмысшы топтарына, сот органдарына, иесіз бос жатқан жер ретінде тіркеу үшін әділет органдарына жіберілген.
Жергілікті уәкілді органдардың шешімімен пайдаланылмай жатқан жерге салынатын салық көлемін 10 есе арттыру барлық аудандарда, Теміртау, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал, Приозерск қалаларында қабылданған. Қалған қалалар бойын­ша бұл жұмыс орындалу үстінде.
Облыс әкімінің шешімімен (№72, 5 мамыр 2016 жыл) пайдаланылмай жатқан жерді ауыл шаруашылығы айналымына тиімді қосу бойынша мониторинг және бақылауы үшін облыстық комиссия құрылған. Мұндай жұмыс топтары барлық аудандық және қалалық әкімдіктерде құрылған. Сондай-ақ, облыс әкімдігі call-орталық ұйымдастырған. Тұр­ғындар осы орталық бойынша жер мәселесі бойынша сарапшылар мен мамандардан өзін қызықтырған мәселелер бойынша жауаптар мен түсініктер ала алады.
Мұндай орталықтар барлық қалалар мен аудандарда да жұмыс істейді.
Бұл мәселе бойынша облыстық жерді пайдалану және қорғауды бақылау бойынша басқармасының басшысы  С. Ахметов баяндады.
Басқарма мамандары өткен кезең ішінде 63 мың гектар жерді мемлекеттік қорға қайтарған. Ұйым­ның жыл сайын қайта құрылуы әбден титықтатқан. Қазіргі уақытта он маман ғана қалған. Жергілікті жердегі құрылымдары жабылып қалған.
Комиссия мүшелері бұл жолғы талқылауда барынша белсен­ділік танытты. Шешілмей жатқан мәсе­лелер бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды. Бұл мәселеге қай­тып келу мүмкіндігін де жоққа шығар­мады. Кейінгі басқарма басшы­сының баяндамаға жеткілікті дайын­далмағанын сынға алды.
Комиссия қаралған мәселелер бо­йынша тиісті шешімдер қабылдады.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 166
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px