Өзгеріс һәм өзекті - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Өзгеріс һәм өзекті
Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,
«Орталық Қазақстан»

Бейсенбі күні Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік баспасөз мәслихатына облыстық білім басқармасының басшысы Асхат
Аймағанбетов қатыс­ты. Білім саласындағы өзгерістер мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының тәжірибелік кезеңінің барысы жиынға өзек болды.

Алдымен, Асхат Қанатұлы білім саласының даму тарихына, әр жылдардағы өзгерістерге шолу жасады. Қазіргі күні біздің елдің білім саласы Сингапур, Финляндия елдерімен салыстырғанда, екі жылға артта қалған. «Жасыратыны жоқ. Тіптен, кейбір мұғалімдердің өзі білім саласындағы өзгерістердің мазмұнын терең түсініп жатқан жоқ. «Үштілді оқытудың жол картасы» арқылы жұмыс тобы құрылды. Мамандарымыз Ресей, Грузия, Оңтүстік Корея сияқты елдерге жұмыс сапарымен барып, олардың білім беру саласын зерттеуде. Біріншіден, жаңа жүйеге көшу барысында мұғалімдердің білімі мен біліктілігін жетілдіреміз» – деді А.Аймағанбетов.
Егер, мектептер бес күндік оқыту жүйесіне көшетін болса, аптаның сенбісінде оқушылардың өзін-өзі қосымша дамытуына мол мүмкіндік туады. Сондай-ақ, мұның бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін арттыруға да себі тимек. Осыны айтқан А.Аймағанбетов педагог кадрлардың жас ерекшелігіне қатысты пікірін де ортаға салды. «Мұғалім зейнет жасына жетті екен деп, жылы орнын босатуға міндетті емес. Бұған қоса, жас мамандардың тәжірибе жинақтауына, біліктілігін жетілдіруіне уақыт қажет» деді басқарма басшысы. Білім саласындағы жаңашылдықтар мектеп оқытылатын пәндердің санын азайтады. Жоғары сыныптардағы 19 пәннің саны 13 пәнге дейін қысқарады. Негізгі мектептерде оқытылатын 22 пән 18-ге дейін шегеріледі. Бұл ретте, мұғалімдердің сағат санын қысқартпау мәселесі де ескеріледі.  
Оқу жылы аяқталып келеді. Жасыратыны жоқ,  мектеп бітіру кештерінің қарсаңында қаражат жинау мәселесі ушығатыны бар. А.Аймағанбетовтің айтуынша, қаражат жинап, қарбаласудың басында ата-аналардың өздері тұр. Егер, мектеп тарапынан қаражат жинау ісі орын алса, ол заңнамаға сәйкес қаралатын болады.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 146
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px