Өзгертулер – әңгіме өзегі - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Сейсенбі күні Орталық коммуникациялар қызметінің облыстағы филиалында облыс әкімінің орынбасары Шагурашид МАМАЛИНОВ, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Аян ШАЛМАҒАНБЕТОВ, Қарағанды облысы бойынша аумақтық жер инспекциясының басшысы Саяш АХМЕТОВ және Абай ауданындағы «Шанс» шаруа қожалығының жетекшісі Игорь ЖАБЯК қатысқан баспасөз мәслихаты өтті. Брифингте ҚР Жер Кодексіне енгізілген толықтырулар мен өзгертулер туралы сөз қозғалды.

 

Кодекске өткен жылдың қараша айында бірқатар өзгертулер енгізілген еді. Мақсат – жерді пайдалану тиімділігін көтеріп, жерден түсетін табыс көзін арттыру. Бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстарын жыл басынан бері Шагурашид Қалиұлы бастаған жұмыс тобы барлық аудандарда тұрақты жүргізіп келді. Шаруашылықтар басшылары, селолар әкімдері және ауыл тұрғындары қатысқан бұл жиындарда заңнамадағы жаңашылдықтар туралы әңгіме кеңінен өрбіді.

Шагурашид Қалиұлы айтып өткендей, мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы жерлері жеке және заңды тұлғаларға аукциондар арқылы меншікке беріледі. Егер, екі аукционнан кейін жерді сатып алушы табылмаса, кадастрлік құнынан едәуір төмен бағаға саудаланады. Алайда, баға мөлшері кадастрлік құнның 50 пайызынан төмендемеуі тиіс.

Ертеректе жалға берілген жерді сатып алуда жеңілдіктер қарастырылған. Мұнда жерді пайдаланушы жалға алу мерзімі аяқталғанша пайдаланып отырған жерін 50 пайыз жеңілдікпен сатып ала алады. Сондай-ақ, көрсетілген құнын 10 жыл бойы біртіндеп төлеу мүмкіндігі қамтылған.

Жалдағы жерді пайдаланудағы шектеулер жойылады. Сәйкесінше, пайдаланушы жерді банкке кепілге қою сияқты тағы да басқа құқықтық келісімшарттарды атқару құқығына ие болады.

Заңға сәйкес, шетелдік азамат жерді 25 жылға дейін жалға ала алады. Меншікке берілмейді. Бұдан бөлек, ел шекарасына жақын аймақтағы жерлерді де жалға беру шарасы қарастырылмайды.

Ұзақ уақыттан бері пайдаланылмай жатқан жерлер қайтарылып алынады. Мәселен, ғимарат тұрғызуға бөлінген жерге үш жылға дейін ешбір құрылыс жұмыстары жүргізілмесе, пайдаланушы көрсетілген аумақты мемлекет меншігіне қайтаруға міндетті.

Және бір атап өтері, ауыл шаруашылығы мақсатында берілген жерде салаға қатысы жоқ құрылыстарды тұрғызуға рұқсат жоқ. Яғни, егін себуге, мал өсіруге арналған аумаққа тұрғын үйлер, өзге де әлеуметтік нысандар салынбайды.

Елді мекендер маңындағы жерлер сатылмайды. Заңға сәйкес, ортақ өріс ретінде пайдаланылып отырған жерлерді меншікке айналдыруға ешкімнің құқығы жоқ.

Қарағанды облысында 250 мың гектар жер сатылымға шығарылмақ. Ел билігі 1 шілдеден бастап аймақтар бойынша көрсетілген жерлерді аукционнан саудалауды бастайды. Түскен қаржы Ұлттық қорға аударылады.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 148
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px