Жүйелі жұмыс – тиімді нәтиже - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Жүйелі жұмыс – тиімді нәтиже
Өткен жұмада облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ төрағалық етуімен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізіліп, қоғам үшін өзекті мәселе кең тұрғыда талқыланды.

Комиссия отырысында жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және жол апаттарының орын алуын шектеуге қатысты мүдделі органдар және ұйымдармен бір­лескен кешенді алдын алу іс-шараларының іске асырылу жайы туралы облыстың жергілікті полиция қызметінің басшысы Жалғасбай Жақаевтың есебі тыңдалды.
Сала басшысының айтуынша, 2016 жылдың 1 қаң­тарындағы жағдаймен алып қарастырғанда облыс аумағында барлық үш көр­сеткіш бойынша апаттардың көрсеткіш деңгейінің шегеріл­гені байқалған: жол-көлік оқи­ғаларының саны – 6 пайызға (927-ден 871-ге дейін), қаза тапқандардың саны бойынша 17,6 пайызға (230 адамнан 173 адамға дейін) және жарақат алған адамдардың саны – 1,9 пайызға (1133-тен 1112-ге дейін).
Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметі тарапынан қолға алынған пәрменді шаралардың нәтижесінде 2016 жылдың алғашқы тоқсанында да өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырмалы түрде алғанда жол-көлік оқиғаларында орын алатын жағымсыз жайттардың барлық көрсеткіштер бойынша біршама төмендегені анықталып отыр. Мәселен, жол үстіндегі апатты оқиғалар саны – 5,2 пайызға (134-тен 127-ге), адамдардың қаза болуы 9,5 пайызға (21 адамнан 19 адамға дейін) және жарақат алғандардың саны 11,6 пайызға (181-ден 160-қа дейін) азайған.
Алқалы жиында сондай-ақ, кәме­летке толмағандар ара­сы­н­дағы құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы Қара­ғанды аймағы жергілікті полиция қызметінің басшысы Нұрлан Рахымбеков пен білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақтыгүл Әдекенова хабарлама жасады.
Олар мәлім еткендей, өткен жылмен салыстырғанда кәме­летке толмағандар жасаған қыл­мыстардың тіркелуі 40,7 пайызға шегерілген. Ал, 2015 жылы осындай сипаттағы қылмыстардың саны айтарлықтай азайып (444-тен 289-ға дейін), көрсеткіш айырмасы 34,9 пайызды құраған. Жас буын арасындағы жалпы қылмыс құрылымында қарақшылық шабуыл, тонау, бөтеннің мүлкін ұрлау, автокөліктерді айдап кету оқиға­ларының қатары шектеле түскен.
Облыстың білім беру ұй­ым­дар­ында кәмелетке тол­мағандар ара­сындағы қыл­мыстың алдын алу мақ­сатындағы жұмыстар ық­палды негізде жүргізілуде. Оны жүйелендіру үшін 2015 жылы білім беру қызметкерлеріне арналған «Кәмелетке толма­ған­дар арасындағы құқық бұзушы­лықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстарды ұй­ымдастыру» әдіс­темелік ұсыныстары әзір­леніп, об­лыстық ішкі істер бас­қармасымен келісілген және бекітілген. Аталған ұсыныс­тарда қылмыстың алдын алу, жалпы құқықтық оқыту кеңестерінің іс-әре­кеттерін, учаскелік полиция инспекторларының жұмысын тиімді ұйымдастыру және қажетті құжаттарды талап деңгейінде жүр­гізуге қатысты материалдар жинақ­талған.
Құқық бұзушылықтың ал­дын алудың тартымды тәсілдерінің бірі – кадет сыныптары. Бүгінгі күні кадет сыныптарының саны 5-тен 26-ға дейін ұлғайтылып отыр.
Комиссия отырысында облыс әкімі Саран қаласы мен Ұлытау ауданы әкімдерінің аталған бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарының жай-күйі туралы есептерін тыңдап, жиын түйінінде істі ілгері бастыруға қатысты біршама тапсырмалар берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 117
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px