Жүйелі жалғасын табады - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Жүйелі жалғасын табады
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек ДҮЙСЕБАЕВ мүлікті және қаражатты жария ету мәселелерінің қазіргі ахуалын қамтыған облыстық селекторлық жиын өткізді.

Жиынға облыстың басқармалары­ның, Ұлттық банкінің Қарағанды филиалының, мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері және қалалар мен аудандардың әкімдері қатысты.
Облыстағы жария ету акциясын өткізудің барысы жайлы облыстың экономика және қаржы басқармасының басшысы О.Чернявская, мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары К.Оркашбаев ақпарат берді. Ал, облыстың ішкі саясат басқармасының басшысы Н.Рыстин осы мақсаттағы ақпараттық жұмыстардың жүргізілуінен хабардар етті.
2015 жылдың 13 қарашасында Мүлікті жария ету мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы тиісті заң қабылданған болатын. Құжат мүлікті жария ету үрдісіне тың серпін берді.
Жария ету мерзімінің аяқталуы 2017 жылға белгіленген. Яғни, жалпыға бірдей кірістер мен шығындарды жария ету науқанының басталуына тұспа-тұс келеді. Шетелде орналасқан мүлікті жария ету де осы іс-шаралар қатарына жатқызылды.
Облыс бойынша қалалар мен аудандар әкімдіктерінің жанынан мүлікті жария етудің 18 комиссиясы және өтініштерді қабылдайтын 21 пункт құрылып, бүгінде жұмысын жалғастыруда.
Үстіміздегі  жылдың  15 мамыр­ындағы жағдай бойынша, әкімдіктер жанындағы комиссиялар жалпы құны 6 млрд. 661 млн. теңгені құрайтын мүліктерді жария етуге арналған 373 өтінішті қанағаттандырған.
Бұл ретте, Қарағанды қаласы бойынша – 3 млрд. 567,7 млн. теңгенің 202 нысаны, Жезқазған қаласы бойынша – 280,5 млн. теңгенің 49 нысаны, Теміртау қаласы бойынша 422,8 млн. теңгенің 42 нысаны жария етілген.
Қарағанды облысы бойынша мем­лекеттік кірістер департаменті жалпы сомасы 10 840,5 млн. теңгені құрайтын қаражатты ағымдағы шотқа салу арқылы жария ету бойынша 40 арнайы декларация қабылдаған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүлікті жария ету бойынша құны 100,0 мың теңгеге тең 1 арнайы декларация қабылдаған. Өзге тұлғаға заңдастырылған мүлікті жария ету бойынша да 1 арнайы декларация қабылданған (сомасы – 48 005,0 мың теңге).
Жиын қорытындысы бойынша облыс тұрғындары арасында мүлікті жария ету бойынша ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстарды жандандыру, жария ету комиссияларының жұмысын қатаң бақылауда ұстау және азаматтардың өтінішін қарау барысында бекітілген мерзімді бұзбау бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 163
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px