Жұмыс сапасы – ел игілігіне - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Жұмыс сапасы – ел игілігіне
Кеше облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек ДҮЙСЕБАЕВ облыс орталығындағы бірнеше нысанды аралап шықты.

Облыс әкімінің бірінші орынбасарының сапары Ленин көшесіндегі №3 үйдің алдындағы саябақтан басталды.
Мұнда саябақты абаттандыру жұмыстары аяқталып, балалар ойын алаңы, жаяу жүргіншілер жолы салынып, жарық шамдары орнатылды. Маңайдағы тұрғындардың демалуына, серуендеуіне қолайлы жағдай жасалды. Естеріңізге сала кетейік, аталған учаскеде қарағандылық кәсіпкер әкімшілік нысан тұрғызуды жоспарлап, тіпті, бірнеше қабатын тұрғызып үлгерген еді. Алайда, тұрғындар мен қоғам белсенділері бұл құрылысқа қарсылық танытып, жергілікті билікке шағым түсірді. Нәтижесінде, билік өкілдері құрылыс жүргізушіні райынан қайтарды. Кәсіпкер жоспарынан бас тартып, бұл учаскені қала балансына қайтарып берді. Айта кету керек, саябақтағы абаттандыру жұмыстарына бюджеттен қаржы жұмсалған жоқ. Алдын ала жасалған меморандумға сәйкес, барлық шығынды демеуші көтеріп алды.
Сондай-ақ, кеше Ленин көшесіндегі қайта жөндеу жұмыстарының Бұқар жырау даңғылы мен Гагарин алаңы аралығындағы бірінші кезеңі соңына жетті. Мұнда екі қабат асфальт-бетон жабыны төселіп, техникалық және жаяу жүргіншілер тротуарлары, бұрылыс қалталары салынып, жарық шамдары заманауи талаптарға сай жабдықталды.
Бұдан кейін облыс әкімінің бірінші орынбасары Баженов көшесіне барды. Мұнда Дубов және Новонижний көшелері аралығындағы жол орташа жөндеуден өтті. Аталған учаске 6 жылдан бері жөндеу көрмеген. Алдағы уақытта қатар орналасқан Прогресс көшесі де жөнделмек. Шілде айында басталуы тиіс жұмыстар бойынша қазіргі таңда мемлекеттік сатып алулар процедуралары жүргізілуде.
Сапар соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев жөндеу және құрылыс жұмыстарының сапалы әрі жедел жүргізілуі бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 290
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px