Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 21.11.2017
Жуықта «Қара­ған­ды­жерҒӨО» еншілес мемлекеттік кәсіпорны және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардағы жер-кадастр филиалдары басшыларының қатысуымен өндірістік семинар-кеңес өтті. Оған кәсіпорынның бөлім бастықтары мен топ жетекшілері қатысып, біраз мәселені талқылап, пікір алысты.
«ҚарағандыжерҒӨО» ЕМК директоры Сейілхан Сатаров жиналып отырғандарға жылдың басында болған кадрлық өзгерістер жайында хабардар етіп, облысымыздың жерге орналастыру саласындағы жалпы жағдайды мазмұндап шықты. Содан кейін сөз директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Медеу Қалыбековке берілді. Ол өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстың қорытындыларын баяндап, кәсіпорынның біраз жетістіктерге жеткендігіне тоқталып, бақылаушы органның былтырғы тексерісі кезінде анықталған бірқатар кемшіліктер туралы айта кетті. 2011 жыл ішінде кәсіпорын мен оның филиалдары 703,122 млн. теңге сомасына жобалау-іздестіру жұмыстарының көлемін орындады, бұл 2010 жылдың тақылеттес кезеңімен салыстырғанда 13,8 %-ға ұлғая түскені. Негізі, бекітілген жоспарда 605,0 млн. теңге қарастырылған болатын.
Содан соң мемлекеттік жер кадастры автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (МЖК ААЖ) облыстық орталығы бөлімінің бастығы Рефат Зейналиев кеңеске қатысушыларға жер кадастрын электрондық түрде жүргізу жұмысының проблемаларын ашып, бұл бағыттағы бірталай жетістіктерді айта кетті. Сондай-ақ, жерге орналастыру бөлімінің бастығы Нұралы Смайылов сөзінде бүгінгі таңда координатталмаған жер учаскелерін межелеу жұмыстарын нұсқамаға сәйкес орындау қажеттілігін айрықша баса айтты.
Сонымен қатар, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған соңғы Жолдауының жерге орналастыру және жер қатынастары саласына қатысты ережелері кеңестің негізгі тақырыптарының бірі болды. Аса маңызды құжаттағы тармақтардың өміршеңдігі мен жан-жақтылығын өз баяндамасында директордың бірінші орынбасары Нұрғазы Байтохин қозғады. Демекші, Жолдау мазмұны экономиканы тұтас дамыту арқылы әлеуметтік жаңғыртуға қол жеткізуді мақсат етеді. Биылғы Жолдауда аграрлық саланың дамуының маңыздылығы айрықша айтылып кетті. Соның ішінде мал шаруашылығын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылған.
Жерді тиімді пайдалану мәселесі күн тәртібінен түспейді. Өзектілігін жоғалтпайтын іс-шаралар кешенінің тармақтары биылғы жылы да жалғасын табатыны шүбәсіз. «ҚарағандыжерҒӨО» ЕМК республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен әр түрлі жерге орналастыру және жобалау-іздестіру жұмыстарын орындап жатыр. Көптеген ірі және кіші шаруашылық жүргізуші субъектілердің тапсырыстары да орындалуда.
Ғылыми-өндірістік орталық 2012 жылға тағы да бірқатар міндетті өз алдына қойып отыр. Соның бірі – Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы Жолдауына сәйкес ұзындығы 1200 километр «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» теміржол желілерін салуға қатысып, құзыретіне қарай өз үлесін қосу. Сондай-ақ, ЕМК мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және кәсіпорынның қызметіне азаматтардың сенімін арттыру үшін қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі пәрменді шараларды қолданады.

Ақниет БЕКСЕЙІТОВ.
 Пікірлер: 0
 Оқылған: 724
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1188
count 88x31px