Жұмыстың тиянақталғанын нәтижесі көрсетеді - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Кеше облыстық әкімдіктің конференц залында облыстық мәслихаттың депутаты Серғазы ӘДЕКЕНОВТІҢ төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезекті екінші сессиясы өтті.

Оның жұмысына облыс әкімі Нұрмұхамет ӘБДІБЕКОВ, облыстық мәслихаттың хатшысы Рысқали ӘБДІКЕРОВ, облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдар басшылары, облыстық департамент бастықтары, БАҚ өкілдері қатысты.

 

Сессияда мына мәселелер қаралды:

1.Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 16 сәуірдегі ХХХІІІ сессиясының «Қарағанды облысы жастарының патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиесінің жайы және одан әрі күшейту шаралары туралы» шешімінің орындалысы туралы».

2.Басқа да мәселелер.

Бірінші мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Ж.Әбішев тыңдалды. Баяндамашының айтуынша мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысының мәселесі әкімдіктің отырыстарында, аппараттық кеңестерінде қаралып отырады. Облыс өңірлерінде жыл сайын әкімдердің қатысуымен жастар форумдары, конференциялар және басқа да имиждік шаралар өтеді.

Жастар ісі жөніндегі кеңестер нағыз диалог алаңы болып табылады. Олардың заңды негізде бекітілген кеңес беруші органдары бар. Облыс әкімінің, өңір әкімдерінің төрағалығымен олардың отырыстарында жастар саласының сан қырлы мәселелері жүйелі түрде талқыланып, тиісті шешімдер қабылданады.

Жұмыстың тиімділігін барынша арттыру және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасын орындау мақсатында облыстық кеңестің құрамы жаңарып, қоғамдық жастар ұйымының өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, барлық деңгейдегі депутаттар тартылып, жаңа құрамның 60 пайызын құрады. Облыста жастар ісі жөніндегі кеңестер саны 19-ға жетті, оның біреуі ғана облыстық, қалғаны өңірліктер. Кеңес мәртебесін көтеру және жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында барлық қалалық және аудандық кеңестер төрағалары өңір әкімдері болып табылады.

Сонымен қатар, облысымыздың бірқатар өңірлерінде кеңес мәжілістерін әкім орынбасарларының өткізгені мәлім болып отыр. Мәселен, 2015 жылы кеңестердің осындай 38 отырысы өткен. Қарағанды, Шахтинск және Нұра аудандарында өткен осындай төрт отырысқа өңір әкімдерінің орынбасарлары төрағалық жасаған. Мұнан сырт Қаражал қаласы мен Ақтоғай ауданында күн тәртібіне бір-ақ мәселе шығарылған. Сондай-ақ, Балқаш, Жезқазған қалаларында, Ақтоғай, Бұқар жырау аудандарында бір ғана отырыс өткен.

2015 жылы облысымызда мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыру бойынша 255985,0 мың теңге (2014 жылы 29181,0 мың теңге) бөлінді.

Оның ішінде басқармаға облыстық бюджеттен 126507,0 мың теңге (2014 жылы 162206,0 мың теңге) қаралды. Өңірлік деңгейдегі қаржыландыру 129478,0 мың теңгені (2014 жылы 135752,0 мың теңге) құрады.

2015 жылы аталмыш орталықтар жастар арасында 150 мың адамды қамтыған 3 мыңнан астам шара өткізді.

Сессияда өңір басшысы Н.Әбдібеков сөз сөйлеп, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық саласындағы жеткен жетістіктеріміз бен орын алған іркілістерімізге тоқталып, барша жұртшылықты алда тұрған міндеттерді шешуге, Елбасының тапсырмаларын бір кісідей орындауға шақырды.

Сессия қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 172
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px