Жұмысты жандандыру қажет - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Жұмысты жандандыру қажет
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек ДҮЙСЕБАЕВ Қарағанды қаласының Жедел басқару орталығында көшпелі мәжіліс өткізді. Жиында аймақтағы автомобиль жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Отырыста жыл басынан бері атқарылған жұмыстар нәтижесі қорытындыланып, жергілікті полиция қызметі мен «Қазавтожол» ҰК» АҚ облыстық филиалы басшыларының баяндамалары сынға алынды. Келешекте жүзеге асырылуы тиіс шаралар нақтыланды.
Қарағанды қаласының Жедел басқару орталығының негізі міндеті – криминогендік жағдайдың өзгеруіне полицияның күші мен құралдарын барынша жедел шоғырландыра отырып әрекет ету, олардың қылмыстың ізін суытпай ашуына бағыт беру болып табылады. Бүгінгі таңда орталықтың бақылау камералары арқылы 7229 жол ережесін бұзу дерегі тіркелді.
Жиында облыстың жергілікті полиция қызметінің басшысы Жалғасбай Жақаев, «Қазавтожол» ҰК» АҚ облыстық филиалының басшысы Қанат Шаймин және облыстың ТЖ департаментінің басшысы Ибрагим Құлшымбаев жұмыс барысынан есеп берді.
Асылбек Жексенбайұлы жергілік полиция қызметіне сын айтты. Жалғасбай Жақаев өз баяндамасында жол белгілері қойылуы тиіс көшелер мен орындарды нақты айта алмады.
Асылбек Жексенбайұлы Қанат Шайминге облыстық филиалдың жұмысына көңілі толмайтындығын жеткізді. Облыс әкімінің бірінші орынбасарының айтуынша, республикалық авто­жолдың ДСК тұсынан Ақтас кентіне дейінгі аралығы көлік жүруге жарамайды. Аталған учаскедегі жол әбден тозған, терең шұңқырлар пайда болған. Жол нашар болғандықтан көпшілік жүргізушілер қарсы бағытқа шығып кетіп жатады. Сондықтан, тәуліктің қарбалас сағатында көлік кептелісі орын алады. Облыстық әкімдікке тұрғындар тарапынан түсетін шағымдар да көбейген.
Өз сөзінде Қанат Шаймин Қарағанды және Саран қалаларының тұрғындарынан кешірім сұрап, жөндеу жұмыс­тарына 4 шілдеден бастап кірісетіндігін айтты.
Жиын қорытындысында облыс әкімінің бірінші орынбасары жауапты органдар басшыларына жол-көлік оқиғаларының санын азайту, апаттық оқиғаларды болдырмау, қажетті жол белгілерін орнату, жолдың тар жерлерін жою, автокөліктермен жолаушыларды және жүкті тасымалдау ережесі мен жол жүру ережесін бұзу деректерінің алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, Асылбек Жексен­байұлы облыс әкімінің аппаратына құқық қорғау және қадағалау органдарының қауіп­сіздік қызметімен бірлесе отырып, қызметтік куәлігін жөнсіз қолданатындарды жазаға тартуды тапсырды. Жол ережесін бұзған жүргізуші қызметтік куәлігін көрсеткен жағдайда шара қолданбаған жергілікті полиция қызметшісін жұмыстан шығаруды міндеттеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 774
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px