Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 16.06.2019

Жаһанға мәшһүр
Жақында «Молодежный» мәдениет үйінде елімізді әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосу және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық  патриоттық идеясын жүзеге асыру мақсатына арналған «Алысты  жақындатқан  жаңа  бағыт» атты  дөңгелек  үстел өтті.
Дөңгелек үстелге қатысқан қонақтардың қатарында №2 кітапхана филиалының меңгерушісі Айжан Исина, №52859 әскери бөлімі командирінің саясат жөніндегі орынбасары Мұрат Молдабаев, осы бөлімнің сарбаздары, №18 жалпы білім беру мектебі директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Ербол Жұматаев, осы мектептің тәлімгері Гүлжанат Шұңғұлтаева, Қарағанды агротехникалық колледжінің ұстазы Павел Мартьянов, «Молодежный» мәдениет үйінен Галина Кравченко, сонымен бірге, №18 жалпы білім беру мектебінің мектепішілік Парламенті құрамындағы оқушылар, оқу үздіктері, №4 мектеп-интернатының оқушылары болды.
– Әскери патриоттық тәрбиелеу – азаматтарға патриоттық тәрбие берудің негізгі бөлігі.  Ал, оның басты мақсаты – азаматтарға патриоттық парызды терең түсіндіру, Отан қорғауға дайындығын қалыптастырып, еліміздің тұтастығы мен бірлігін нығайту. Мемлекет алдындағы борышын жанқиярлықпен орындау, – деді М.Молдабаев. Сөз кезегін Е.Жұматаев жалғастырып, А.Исина «Қазақстан – кеше, бүгін, ертең» атты тақырыпта баяндама жасаса, П.Мартьянов отыз жылдан аса еңбек етіп келе жатқан оқу орны туралы статистикалық мәліметтерге тоқталып, елімізге қажетті жұмысшы мамандықтары екендігі алға тартты. №18 мектеп Парламентінің оқушылары Қазақстанның әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына қосылуы үшін жастарымыз білім мен ғылымға ұмтылуы керектігін жеткізді.
Раушан АҒАЙДАРОВА,
«Молодежный» мәдениет үйінің әдіскері.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 511
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px