Жаңғырту жұмыстары жалғасуда - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Аяулым СОВЕТ,
«Орталық Қазақстан»  

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға НАЗАРБАЕВА қазіргі таңда Ұлт жоспарын тиімді іске асыруға толық негіз бар екенін айтты.

Оның айтуынша, жыл басынан бері елімізде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған жұмыстар қарқынды жүруде. Бұл ретте, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы бойынша, арнайы Ұлттық комиссия негізінде бес жұмыс тобы құрылып, оған Парламент депутаттары, отандық және халықаралық сарапшылар  тартылған. Осы уақытқа дейін Ұлттық комиссияның 48 отырысы өтіп, әлемдік стандартқа сай 59 заң қабылданып, 400-ден астам нормативтік-құқықтық актілер дайындалды. Ұлт жоспарының 5 бағыты бойынша жұмыстар жалғасуда.

***
ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат
 ДОСАЕВ еліміздегі индустриалдық реформа бойынша фармацевтика, агроөнеркәсіптік және тау-кен-металлургия кешені, химия өнеркәсібі мен құрылыс материалдары өндірісіне 16 жобаны іске асыру бойынша жұмыс­тар жүргізілгенін атап өтті.

Оның сөзіне сүйенсек, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы стандарттарына сәйкес инвесторларға 350-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған «бір терезе» іске қосылды. Инвесторлармен жұмыс жасау мақсатында барлық өңірлерде кеңес құрылып, ХҚКО–ларда инвесторларға қызмет көрсету секторлары ашылды.
– Өткен жылы «зәкірлік инвесторлар» мен трансұлттық компаниялардың (Tikkurila, General Electric, Halliburton, JAC) қатысуымен жалпы сомасы 130 млн. АҚШ долларына 4 жаңа өндіріс іске қосылып, жалпы сомасы 113 млн. АҚШ долларына 6 компания (Danone, LG Electronics, Galaksi Group, BTM Group, Lotte Group, Coca-Cola) кері инвестицияланды,– деді ол.
Сондай-ақ, ол 2015 жылғы желтоқсан айында Ұлттық Банк «Астана халықаралық қаржы орталығы әкімшілігі» акционерлік қоғамын құрғанын айтты. Бұл ретте, орталық Дубай халықаралық қаржы орталығы, CityUK (Лондон-Сити) британдық корпорациясы және Катар қаржы орталығымен ынтымақтастықты бастады.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 158
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px