Жарасымды үрдіс үзілмейді - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Жаңаарқада Ұлы Жеңіс күніне арналған басты  шара «Даңқ»  монументіндегі  мәңгілік  алау іргесінде өткізілді. Айтулы мереке аясында арнайы ұйымдастырылған мектеп  оқушылары марафоны жеңімпаздарының жұрт алдынан өтуі салтанатты сәттің  басталғанын  айғақтады.  Желаяқтардың  соңын ала лимузин көлігі алаңға майдангерлер Зейнулла ҚУАНЫШБЕКОВ, Петр ТАРАДА және Николай СЕДУСОВТІ жеткізді.

 

Сұрапыл соғысты көр­ген ардагерлер  «Данқ»  мону­­ментіне, Кеңес  Од­ағының  баты­ры   Амантай  Дәу­лет­бек­овтің  ескерткішіне тағзым етіп, гүл  шоқтарын қойды. Содан кейін  аудан  әкімі  Ғабдрахман Омаров қалың қауымды қастерлі мерекемен    құт­тықтады. Аудандық  саз  мек­тебі  өнерпаздарының  хоры орындаған тақырыптық ән  мерекенің  шымылдығын түр­се, О.Жұмабеков және С.Сей­фуллин атындағы орта мектептердің  ұжымы  соғыс   басталған  жылдардан бастап, ұрыс  даласындағы  ерлік пен   тылдағы еңбек майданындағы оқиғаларды тартымды бейнелеген қойылым ұсынып, көрермен көңілінде керемет әсер қалдырды. Мәдени-сауық орталығының өнерпаздары әзірлеген концерттік  бағ­дарлама да әдеттегідей терең мазмұны әрі тақырыптық сипатымен ерекшеленді.

Мерекелік  іс-шаралар барысында ұйымдастырылған сауда-саттық алаңы бір сәтке бос болмады.

– Ауданда Ұлы Отан со­ғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің тұрмыс ахуалы, жалпы жағдайы  тұрақты қадалауға алынған, – дейді аудан әкімінің баспасөз хатшысы Индира Асамиданова. – Ұлы Жеңіс күні қарсаңында аудан әкімі Ғабдрахман Омаров  көненің көзі іспетті баһадүр ардагерлер Зейнолла Қуанышбеков, Николай Седусов және Петр Тараданың шаңырақтарына арнайы барып, Жеңіс мейрамымен құттықтады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатына бек риза қариялардың құшақтарын гүл шоқтарына толтырып, сый-сияпаттар жасады. Жарасымды үрдіс үзілмек емес, ол – қастерлі міндет.

ЖАҢААРҚА ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 160
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px