Жас келсе – іске - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Жас келсе – іске
Саран қаласы әкімінің өкімімен Ералы Серікұлы ОСПАНОВ Саран қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.
Ол 1982 жылғы 9 желтоқ­санда Қарағанды қаласында туған. Екі жоғары білімі бар, 2007 жылы Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру институтын, 2012 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономика уни­верситетін тәмамдаған. Біліктілігі бойынша – саясаттанушы, саясаттану оқытушысы, заңтану бакалавры.
Еңбек жолын 2007 жылы Қарағанды қаласындағы №1 тұрғындарға қызмет көрсету орталығында маман, инспектор болып бастаған. 2008 жылдың қазан айынан 2009 жылдың қыркүйегіне дейін Қарағанды қаласы ішкі саясат бөлімінде әлеуметтік жұмыстар жөніндегі маман, бас маман болған. 2009 жылдың қыркүйегінен 2011 жылдың қарашасына дейін – Қарағанды қаласы әкімінің аппараты ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бастығы қызметінде. 2011 жылдың қарашасынан 2012 жылдың сәуіріне дейін – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі көлікті бақылау комитетінің  автомобиль көлігіндегі бақылау басқармасының сарапшысы. 2012 жылдың сәуірінен 2012 жылдың наурызына дейін ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.  2013 жылдың наурыз айы мен 2015 жылдың тамыз айы аралығында Қарағанды облысы әкімінің аппаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығында бас маман, кейіннен сыртқы экономикалық байланыстар және хаттама бөлімінің басшысы лауазымдарында болды. 2015 жылдың тамыз айынан жаңа тағайындауға дейін – Қарағанды облысы әкімінің көмекшісі.
Үйленген, ұлы бар.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 136
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px