Жас ұрпақтың қолында - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Жас ұрпақтың қолында
Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ кезекті Жолдауында жаһандық дағдарыстар ықпалынан ешкім де сақтанып қала алмайтынын айтып, жаңа жаһандық нақты ахуалдың сын-қатерлері мен Қазақстанның дағдарысқа қарсы мүмкіндіктерін, басты ұстанымын және құрылымдық жаңарулардың бес бағытын айқындап берді.
Ұлт көшбасшысы жаһандық дағдарыс – ол тек қана кауіп емес, сонымен бірге, жаңа мүмкіндіктер екенін, әлемдегі көптеген компаниялар дамудың дағдарыстық кезеңінде сәтті компанияларға айналатынын да тілге тиек етті. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгілік екендігін айтты.
Сондай-ақ, Президент ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары – әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуімізге мүмкіндік береді. Құжаттың Ұлт Жоспары деп аталуының өзі халыққа аса жауапкершілік жүктейді. Өйткені, реформалар Қазақстанның әрбір азаматының тікелей қатысуын талап етеді. Әсіресе, жастардың қосар үлесі зор болуы керек.
Елбасы қашанда жастарға сенім артып, Қазақстанның болашағы білімді жастардың қолында екенін, сол үшін еңбекқор, бастамашыл, белсенді болу керектігін үнемі ескертіп отырады. «Қай жерде  жұмыс пен сұраныс бар сол өңірге батыл барыңдар. Шеберліктің шыңына жете білсеңдер, мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бәрі сендер үшін, болашақ үшін жасалуда» деді.

Ж.КЕҢЕСОВА,
мұрағатшы.
ПРИОЗЕРСК қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 203
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px