Жасампаздық Жеңісі - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Жасампаздық  Жеңісі
Ерсін МҰСАБЕК,
«Орталық Қазақстан»

Кеше облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңында «Нұр Отан» партиясының сайлаудағы айқын жеңісіне арналған «Жасасын Мәңгілік Қазақстан! Бірлігі жарасқан Нұр Отан!» атты жеңімпаздар форумы өтті. Форумға жергілікті атқарушы билік өкілдері, «Нұр Отан» партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері, ардагерлер, студент жастар және зиялы қауым өкілдері, ұзын-ырғасы 12 мыңнан астам қарағандылықтар қатысты.
Әуелі форумға қатысушылар сахна төріне құрылған экраннан ҚР Орталық сайлау комиссиясының төр­ағасы Қуандық Тұрғанқұловтың мәлім­демесін тыңдады. Тікелей эфир арқылы жасалған мәлімдеме ҚР Парламент Мәжілісі сайлауының алдын ала қорытындылары болатын.
Аламанға түскен алты партияның арасынан халықтың зор сеніміне ие болған «Нұр Отан» партиясы айқын басымдылықпен жеңіске жеткені мәлім болды.  Ендеше, бұл жеңіс – жарқын жасампаздықтың, серпінді сенімнің, тұғырлы тұрақтылықтың жеңісі! Осы мазмұндағы рухпен бір мүддеге жұмылған топ орталық алаңда теңіздей толқып тұрды. Жүздерінде – қуаныш, ертеңге деген бек сенім!
Жиналған көпшілікті облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Ұлт Көш­басшысы – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жетекшілік ететін «Нұр Отан» партиясының тамаша жеңісі­мен құттықтады.
– Нұротандықтардың бұл жеңісі – еліміздің жарқын болашағының, тұрақтылық пен ертеңге деген сенімнің шынайы көрінісі. «Нұр Отан» – ауқымды міндеттерді іспен дәлелдеп, халықтың өлшеусіз сеніміне ие болған бірден-бір партия.  Міне, қарағандылықтар өз таңдауларын жасау арқылы өз тағдырларын осы жасампаз істердің партиясымен және оның Көшбасшысымен байланыстырды. Баршаларыңызды ортақ жеңісімізбен құттықтаймын, – деді.
Сондай-ақ, аймақ басшысы бұл сайлаудың ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келгендігінде зор маңыз жатқандығына тоқталды. Біздің ел өткен 25 жылда дамудың даңғыл жолымен жүріп, Еуразиялық қауымдастықта мойындалған қуатты елге айналғанын тілге тиек еткен облыс әкімі ендігі міндеттер «Нұр Отан» партиясының сайлауалды Тұғырна­масымен сабақ­тасатынын атап өтті.
Форум барысында Елбасының қанаттас серігі, Теміртау қаласының Құрметті азаматы Қуаныш Омашев, «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық сайлауалды штабының басшысы Асқар Базарбаев және жастар ұйымдарының, еңбек ұжымдарының өкілдері сөз сөйлеп, жерлестерімізді жеңістерімен құттықтады.
Алаң асқақ рух құшағында толқып тұрды. Бұл Мәңгілік Ел ұрпақтарының Ұлы Дала төсіндегі тарихи дүбірі еді. Иә, тарихи таңдау, тарихи жеңіс, тарихи сапар! Шынымен де, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа бағдарға сүйеніп, жаңа мазмұнға ие болған жаңа тарихи сапары басталды. Оның бастауы – «Нұр Отанның» бүгінгі Жеңісі! Ал, «Нұр Отанның» Жеңісі – сөз жоқ, жасампаздықтың Жеңісі!

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 246
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px