Жастар көзқарасы - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Жастар көзқарасы
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»

Жақында ҚарМТУ-де «Ұлы Отан соғысы – ХХІ ғасыр жастарының көзімен» атты студенттердің VI республикалық ғылыми-тәжірибелік кон­ференциясы өткізілді.
Конференцияның жалпы отырысында ҚарМТУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі Арстан Ғазалиев, соғыс және еңбек ардагерлері облыстық кеңесінің төрағасы Оралды Төреғожин, ҚарМТУ ардагерлер кеңесінің төрағасы Юрий Обухов, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, музейлер қызметкерлері, оқытушылар мен студенттер сөз сөйледі.
Форум аясындағы секциялық отырыстарда «Тыл еңбеккерлері мен өнер қайраткерлерінің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Кеңес халқының Жеңісіне қосқан үлесі», «Қазақ халқының қаһармандығының бастаулары: тарих және қазіргі заман», «Ұлы Отан соғысы – менің отбасымның тарихында» тақырыптары қарастырылды.
Конференция қорытындысында тиянақты түйіндер мен тұжырымдар жасалды.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 155
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px