ЖЭО-3-тің жылу тиімділігі артады - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ Қарағанды ЖЭО-3-тің жылу блогын пайдалануға беруге арналған  салтанатты рәсімге қатысты.

«Қарағанды Энергия Ор­талық» ЖШС – Қарағанды мен Қарағанды облысы үшін жылу және электр энергиясын  өндіруші ірі кәсіпорынның бірі. Компанияның құрамында екі жылу электр орталығы бар. Олар – Қарағанды ЖЭО-1 және ЖЭО-3. Бұл екеудің соңғысы –  аймақтағы ірі орталық. Оның энергетикалық қуаттылығы – 560 Мвт, ал, жылу 1174 сағатына/Гкал. Екі станса да қала тұр­ғындарын жылу-жарықпен  то­лықтай қамтамасыз етіп отыр. Оның арасында мәдениет нысандары, балабақшалар, мектептер мен өнеркәсіп орындары да бар.

2009 жылы қуат көздеріне үкіметтік шектік тариф ен­гізілуіне байланысты компания инвес­тициялық бағдар­ламаларды іске асыра бастады. Кәсіпорынға бұл салым орталықтағы құрал-жабдықтарды  қайта жөн­деу­ден өткізуге, жаңғыртуға және қуаттылығын арттыруға мұрын­дық болды. Бұл ша­раларға, шектік тарифтік бағдар­лама­ларға соңғы бес жылда  жұм­салған қаржы 65 миллиард теңгені құрайды.

ЖЭО-3-тегі қуаттылығы 110 мегаватт болатын жаңа ірі қуат блогы құрылысы –  стансаны кеңейтудегі бағдарламаның екінші кезеңі. Бұған дейін  2012 жылы  турбоагрегат іске қосылғантын. Бүгінгі таңда ол табысты.

Өзінің құттықтау сөзінде аймақ басшысы аталған блоктың іске қосылуы арқылы стансаның қуат тиімділігі 25 пайызға артатынын атап өтті.

– Біздің аймақ үшін жаңа қуат даму үшін қосымша қордың көзі болмақ. Ал, жаңа құрылғының іске  асуы – облыс экономикасына қосылған орасан ресурс. Бұл жаңа кәсіпорындарды және тұрғын үйлерді пайдалануға беру үшін қажет. Ол жаңа жұмыс орнын құруға ықпал етеді, –  деді Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 180
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px