Жер иесі кім? - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Жер иесі кім?
Рауан ҚАБИДОЛДИН,
«Орталық Қазақстан»


Облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ  төрағалығымен «100 нақты қадам» Ұлт жос­парын жүзеге асыруда Жер кодексі және өзге де заңнамалық актілердің нормаларын түсіндіруге арналған алқалы жиын өтті. Оған мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өкілдері қатысты.

Арқау болған тақырып – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер­лерді тиімді пайдалану, құрылыс саласындағы жаңа өзгеріс­тер, сондай-ақ, салық заңна­малар­ында келешекте көрініс табатын өзгерістер. Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық комитеті және жер ресурстары басқармасы төрағасының орынбасары Бауыржан Смағұлов қазіргі таңда ауыл шаруашылығын жүргізуге берілген жердің жалпы ауданы 100,8 млн.га екенін атап өттті. Сөйте тұра, оның 1,3 пайызы ғана жеке меншікте. Осыған байланысты Ұлт жоспарының 35-36 қадамдарын  іске асыру аясында ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке беруде ынталандыратын жаңа механизмдерді енгізу мақсатында 2015 жылдың 2 қарашасында  «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Ол 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап, күшіне енеді.
Жер кодексіне енгізілген өз­геріс­тер бірқатар жайттарды қарас­тырады. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді жеке меншікке аукцион арқылы беру. Жер телімдері еліміздің жеке және заңды тұлға­ларына жеке меншік құқығына аукцион арқылы берілетін болады. Бірінші кезекте жер телімінің құнын көтеріп көрсететін аукцион. Егер екі аукцион негізінде жер сатылмаса, онда ол бағасы мейлінше шекті төмендетіліп аукционға шығарылады. Сонымен қатар, Жер кодексі жалдағы жер телімдерін сатып алуға жеңілдетілген шарттарды ұсынуды қарастырады. Бұл норма қазіргі жер иелерінің мүдделерін ескерген. Оларға ауыл шаруашылығындағы бұрынғы иеленген жерлерін жалға беру мерзімі аяқталғанға дейінгі аралықта жеңілдетілген бағамен сатып алу құқы берілген.
Сонымен қатар, жер телімін сатып алу туралы сатып алу – сату келісімін жасап, бірақ оның құнын  аталған заң күшіне енгенге дейін толық сатып алмаған    жерді пайдаланушылар жер құнының 50 пайыздан кем емесін төлеген шартпен жерді иелігіне алуға мүмкіндігі бар.
Бұдан бөлек, жерде үлестері бар тұлғалардың да құқын қорғайтын норма қамтылған.
«Аталған шаралар ауыл шар­уашылығы мақсатындағы жер­лерді нарыққа толықтай енгізу үшін қажетті жағдайлар жасап, жер пайдаланушының жер ресурстарын пайдаланудағы жау­апкершілігін күшейте түспек», – дейді Бауыржан Смағұлов.
Ұлт жоспарының 44-45 қадам­дарын, Елбасы Жолдауын­дағы  тапсырмаларды орындау үшін 2016-2018 жылдарда салық жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізу қарастырылуда. Ол жобаны әзірлеуге мемлекеттік ұйымдардың, «Атамекен» ҰКП және бизнес-қауымдастық өкілдері қатысады.
Жұмыс тобы  салықты қол­данудағы әлемдік тәжірибені зерттеп, зерделемек. Содан соң Салықтық-кедендік кодекстің жобасына қатысты заң жобасы Парламентке тамызда ұсынылмақшы. 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 146
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px