Жерге қамқорлық – елге қамқорлық - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Жерге  қамқорлық –  елге қамқорлық
Жер меншігі қатынастары бар­лық қоғамда бар және оның өзгеріп отыруы да заңды құбылыс екенін әлемдік тәжірбиеден көріп отырмыз. Сондықтан да, шетелдік инвестиция тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында шетелдіктерге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау құқығын беру – бүгінгі күннің талабы екенін біз түсіне білуіміз керек. Тек, жерді олардың уақытша пайдалану мерізімінде олардан талап етілер міндеттер тобын да нақтылап заңдастыру қажет.
Қазақстан Республикасының азаматтарының жеке және заңды тұлғаларын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жеке меншік құқығын беруді мен қолдаймын.
Бұл орайда мына жайларды ескерген дұрыс болар:
мал шаруашылығындағы жеке меншік иелеріне малдарының басы мен мүлігіне сай жайылымы мен шабындығы және суаты түгенделіп берілуі керек;
ірі ауыл шаруашылығы кәсіп­орындарының, әсіресе, егін шаруа­шылығындағы жердің иелігі бір адамның, бірлестіктер мен өндірістік коорперативтердің меншігінде болуын қарастырған жөн.
Жер – барлық қазақстандық­тардың және олардың келешек ұрпақтарының ортақ байлығы (капиталы), сенімі мен кепілі және қорғаны мен асыраушысы екенін еш уақытта  да естен шығармауымыз керек. Сонымен қоса, табиғат пен адамның үйлесімділігін өз дәре­жесіне жеткізу үшін табиғаттан алғанымызды қайтару, оны тү­летіп жайнату үшін қолда бар мүмкіндіктерді пайдалануымызға Жер Кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар көмектесері де сөзсіз. Осы тұрғыдан алғанда жер мәселесі бойынша құрылған комиссияның назарына БАҚ арқылы өз ұсыныстарымды жеткізбек ойым бар.
Біріншіден, Ауыл шаруашылығы министрлігінің орнына Жер минист­р­лігін құрған дұрыс болар. Оның құзыретіне жерге, табиғатқа, ауыл шаруашылығына байланыс­ты барлық мәселелерді шоғыр­лан­дырып, оның, ең бірінші кезекте, мына мәселелерді шешуге бағыт алғаны жөн болар ма еді:
адам мен табиғаттың қарым-қатынасын үзбей, дәйекті жүйеге келтіруді қамтамасыз ету;
өңірлер биоресурстарының картасын тағы да пысықтап және олардың жерін, табиғатын қай бағытта, қандай тұрғыда пайдалану қажеттігін болжау.
Осылайша, табиғат пен адам­дардың үйлесімділігін өз дәре­жесінде қалыптастыра отырып, келешек ұрпақтарымызға Жер-Анамызды сақтап, табыс етейік.

Жақсылық ҚАЙЫРБЕКОВ.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.                  

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 212
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px