Жерге күтім керек - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Қазақтың ұлан-ғайыр даласының тағдыры барша халықты толғандыратыны белгілі. Бүгінде ел арасында Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға қатысты алаңдаушылық туындауы да заңды. Кеше ата-бабамыз қанымен, жанымен қорғап, ұрпаққа табыстап кеткен жерді уыстан шығармауды жүрегі қазақ деп соққан әркім ойлайтыны және ақиқат. Бірақ, Жер кодексіндегі өзгерістер атамекенді жат қолына беруді көздемейтінін, оның ел игілігін діттейтінін бұқараға ұғыну қажет.

 

Бұл, ең алдымен, ауыл шар­уа­шылығы жерін пайда­ланушылардың мүддесін ойла­ғандық деп білген абзал. Мысалы, республикада 300 мыңнан астам жер пайдаланушы бар. Ал, ауыл шаруашылығы саласында пайдалануға жарамды жердің жартысынан астамы іске аспай бос жатыр. Сондықтан, бұл жерлерді іс қыламын деген еліміздің азаматына беріп, оның жемісін көріп, пайдасын өзіне ғана емес, бүкіл елге тигізсе несі айып?! Өзінің меншігі болғаннан кейін әрбір азамат та оған күтіммен қарайтыны да жасырын емес. Бұдан бұрын жерді пайдаланып, игілігін көріп, әбден жарамсызға айналғанда,  мемлекетке қайтарып бере салса, енді олай емес. Ол өз жеріне иелік ете отырып, оның азып-тозбауына да мүдделі болмақ. Негізі, бұл қадам – жерді игерудегі ізгі ниет.

Ал, жер қараусыз, керексіз жатса, оның құнарлығы жойылады. Зиянды өсімдіктердің қаулайтыны да өтірік емес. Сөйтіп, ол қуаң жерге айналып шыға келеді. Жердің құнарлығы жойылған соң  қайта қалыпқа келтіру – оңай іс емес. Оған көптеген жылдар керек. Осыны ескере отырып, жерімізді тиімді пайдалану үшін, жерді игеремін деген қазақтың ұлдары үшін жасалған өзгеріс деп білген жөн.

Жер кодексінде шет елге беру, сату туралы бап атымен жоқ. Жалға беру туралы айтылады. Алайда, жалға беру ол жерді сату емес. Әлемде жерін жалға берген ел аз емес. Ол тәжірибе өзінің опық жегізбейтінін көрсеткен. Тек бір айтарымыз – жалға берілген жерге бақылау қатаң болғаны жөн. Жалға алғандар жерімізді химиялық тыңайтқыштармен уламауын қадағалау шарт. Жалға алынған жердің әрбір шаршысы көздің қарашығындай бақыланса, оның пайдасы болмаса, зияны тимесі анық.

Жалпы, ауыл шаруашы­лығында орасан жеміс беретін жерлеріміздің  қараусыз, иесіз, іске аспай жатқаны ел экономикасына тиімді емес екенін көзіміз көріп отыр. Ол жерлер мақсатты пайдаланылуы тиіс. Оған бұл Жер кодексіндегі өзгерістер сеп боларына күмән жоқ.

 

Абдолла ТӨРЕБЕКОВ,

«Қазақстан фермерлері одағы» ҚБ облыстық өкілдігінің төрағасы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 179
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px