Жинақылық – баршаға ортақ міндет - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Жинақылық – баршаға ортақ міндет
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»
Кеше облыс әкімінің бірінші орынбасары      Асылбек ДҮЙСЕБАЕВ облыс орталығының санитарлық тазалық ахуалы туралы кеңес өткізіп, көктемгі санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру екіайлығын сапалы өткерудің жай-күйін мұқият пысықтады.

Алқалы жиынға об­лыстық басқармалар мен депар­таменттердің бас­шы­­лары, қаладағы жо­ғары оқу орындары мен ірі кәсіп­орындардың өкіл­дері қа­тысып, көктемгі екіай­лықты ұйымдастыру және өткізу жоспарымен жете танысты.
Жиын барысында Қа­рағанды қаласындағы Қазы­бек би атындағы ауданның әкімі Татьяна Шатохина мен Октябрь ауданының әкімі Ержан Темірханов өздерінің межелі іс-әрекеттері, сон­дай-ақ, олардан күтілетін түпкі нәтижелер жөнінде есеп берді.
Аудан басшылары мә­лім­дегендей, екі аудан бө­лінісіндегі қала аума­ғы істің ұтымды ұйым­дас­тырылу мақсатында арнайы учаскелер бойынша шекаралық тұрғыда бел­гіленіп, тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына жауапты ме­кеме-кәсіпорындар және оқу орындарына бекітіліп берілген. Аулаішілік тазалық шараларын атқару міндеті – пәтер иелері кооперативтері мен тұрғындардың үлесінде. Аудандардың орталық көшелері бюджеттік меке­мелерге бөлінсе, ірі өн­дірістік кәсіпорындар маман­дандырылған арнайы техникаларды сұранысқа сай дер кезінде бағыттап отыруды міндетіне алған. Әр мекеменің өздеріне бекі­тілген аумақтарда тал көшеттерін отырғызу жұ­мысы да бір жүйеге түсіріліп, оны орнықты атқарудың алғышарттары нақтыланған.
Облыстық, қалалық жә­не аудандық деңгейдегі сенбіліктердің бұқаралық маңызға ие болуы да тұрақты назарда. Осы мақсат­тағы жұмыстар ауқы­мы – күнделікті күн тәртібінде. Сенбіліктер барыс­ында жинақталған қо­қыс қалдықтарын сыртқа шығару мәселесі де ретке келтірілген. Сонымен қатар, рұқсатсыз төгілген күл-қоқыс қалдықтарын жою жолдары да қарастырылған.
Қала тұрғындарымен қатты тұрмыс қалдықтарын сыртқа шығару бойынша коммуналдық қызмет көрсетуші кәсіпорындармен келісім-шарттарға отыруы, сондай-ақ, өздеріне тиесілі аумақты санитарлық тазалау шараларына белсене қатысуы туралы мақсатты жиындар өткізілуде.  
Кеңес қорытындысында жинақылық – баршаға ортақ міндет екендігін тілге тиек еткен Асылбек Жексенбайұлы қалалық аудандардың әкімдеріне, тиісті салалық құрылымдардың басшыларына маңызды істің мән-жайын терең түйсіне отырып, жоспарлы шараларды жүйелі негізде әрі сапалы атқаруға қатысты біршама тапсырмалар берді. Сонымен қатар, жүргізілген жұмыстардың деңгейі мен көлеміне тұрақты түрде талдау жасалатынын ескертті.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 144
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px