Жол азабы азаяды - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Жол азабы азаяды
Қызғалдақ АЙТЖАНОВА,
«Орталық Қазақстан»
Қаладағы көлік жолдарын жөндеуге  және қайта жөндеуге жоспарланған жұмыстарға 3 583 млн.теңге қарастырылған. Былтыр Ленин көшесі бойындағы коммуникациялық жүйелерді ауыстыру бойынша жұмыстар мәреге жетсе, биыл аталған көшенің Бұқар жырау  даңғылынан басталып, Терешкова көшесіне дейінгі аралықтағы көлік жолын қайта жөндеуден өткізу жұмыстары басталды.  Оған бөлінген сома – 1 174 млн.теңге, ұзындығы – 4,043 шақырым. Аталған жолдағы жөндеу жұмыстарының барысымен  облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек ДҮЙСЕБАЕВ танысты.

Ресми мәліметтерге сү­йенсек, орташа жөндеуде 1 712 млн.теңгеге 23,6 шақырымдық көлік жолдарының 14 учаскесі қамтылмақ. Оның арасында 4 учаскеде (олар – Рес­публика даңғылы, Мұқанов көшесі, Сәтбаев көшесі және Язев көшесі) кешенді жөндеу жүргізіледі. Атап айтқанда, қиыршықтасты мастикалық бетонды асфальт, гранитті жиектастар, абаттандырылған жаяу жүргінші жолы төселеді.
Қалған 10 учаскеде тозығы жеткен жол қабаты ауыстырылады. Ол көшелердің қатарында, Космонавттар, Гапеев, Волгодон, Баженов, Крылов, Мұстафин, Архитектурная, Пичугин көшелері, 14 шағын аудандағы көлік жолы, Бабушкин көшесінен Каретная көшесіне дейінгі көлік жолының учаскесі бар.
Сондай-ақ, Бөкетов кө­шесінен «Панель орталық» шағын ауданы арқылы Приканальная көшесіне дейінгі автокөлік жолдарының құры­лысы аяқталып, жалпы сомасы 443 млн.теңге болатын «Федоров» көпіріне күрделі жөндеу жүргізіледі.
Ағымдағы жөндеу арқылы 85 мың шаршы метр қалпына келтіріледі. Оған көзделген қаржы 224 млн.теңге. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алулар жүзеге асқан. Тасымалдаушылар анықталып, келісім-шарттар жасалған.
Облыстың бюджетінен 13 учаскенің көлік жолына орташа жөндеуге сәуір айында қосымша 1 338 млн.теңге көлемінде қаражат бөлінді. Ол – Молоков көшесі (Бұқар жырау даңғылынан бастап, 1 маршрут бойынша өрт сөндіру бөліміне дейін), Вокзал алдындағы алаң, Н.Әбдіров даңғылы (шағын Төлепов көшесінен Бұқар жырау даңғылына дейін), Әлиханов көшесі (Бұқар жырау даңғылынан Гоголь көшесіне дейін), квартал ішіндегі 12 шағын аудандағы автокөлік жолы, Попов көшесінен «Гелиос» АЖС-та дейін 15 магистраль, Совхозная көшесінен Сантехническая көшесі 967 шағырға дейін және тағы басқалары.
Қолда бар деректердің айтуынша, осылайша, Қарағанды қаласының бюджетінен көліктік инфрақұрылымды дамыту үшін 2016 жылға 4 млрд. 921,2 млн.теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстары 30 көше және 1 көпірді қамтиды. Жалпы жөнделетін жолдардың ұзындығы – 37,5 шақырым.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 152
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px