Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 23.11.2017

Жол  құрылысымен  танысты
Бейсенбі күні облыс әкімі  Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ Астана – Қарағанды – Балқаш – Алматы күрежолының бойында қайта жөндеуден өтіп жатқан учаскелерге арнайы барды.
Алдымен аймақ басшысы Баймырза кенті – Теміртау қаласы аралығындағы учаскедегі жұмыстармен танысты. Аталған учаскедегі жұмыстың құны – 10512,751 млн. теңге. Құрылыс жұмыстары аясында 2 көлік жолы айырығы мен 3 өтпежол, 1 жерасты жолы, 38 су өткізу құбыры қарастырылған. Мердігер «Жол Сапа» ЖШС-нің бас инженері Жорабек Құрманалиев атқарылып жатқан жұмыстар барысын әкімге баяндап берді.
Бұдан кейін Нұрмұхамбет Қанапияұлы Ошағанды кенті тұсындағы жол бойы қызметі ғимаратының құрылысын көрді. Мұнда 30 орындық қонақүй, асхана, техникалық қызмет көрсету бекеті, көлік тұрағы және басқа да бірнеше қызмет түрлері орналасатын болады. 408455 мың теңгеге жоспарланған жоба құрылысы 2017 жылы аяқталады.
Осакаров ауданының әкімі Қайрат Шайжанов жол бойы қызметінің келешекте дамуына кедергілер туындамауы үшін нысандар құрылысы ыңғайлы орындарға орналастырылғандығын жеткізді. Бұл орындарда заманауи ұлттық шарттардың 1В санатына сәйкес нысандар салынады. Жанар-жағармай бекеті, кемпинг, көлік жуу, техникалық қызмет көрсету бекеті, қоғамдық тамақтану және сауда орындары, автобустарға, жеңіл және жүк көліктеріне арналған тұрақтар тұрғызылады.
Қазіргі таңда конкурстық процедуралар тәмамдалып, Теміртау қаласының Сәулет-қала құрылысы орталығы жол бойы қызметі алаңының жоспарын жасаушы ұйым ретінде анықталды. Жобалау жұмыстары шілде айында аяқталады деп күтілуде. Аталған мақсатта аудандық бюджеттен 3 млн. 200 мың теңге бөлінген.
Цемент-бетон жол жабынын төсеу арқылы жүріп жатқан Осакаровка кентінің тұсындағы айналма жол құрылысы туралы облыс әкіміне «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ҚОФ директоры Қанат Шаймин айтып берді. Оның айтуынша, екі жолақты жол учаскесінің ұзындығы – 20,9х2 шақырым. Бүгінгі таңда оның 24 шақырымнан астамы аяқталды. Бұл учаскеде 37 су өткізу құбыры, 6 көпір мен мал өткізу орны, 3 өтпежол, 3 жол айырығы жоспарланған.
Атап өту керек, Астана мен Алматыны жалғастыратын көлік дәлізін қайта жөндеу жұмыстары «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүргізілуде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 418
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1189
count 88x31px