Жолдың сапасы – ұтымдылық дәнекері - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Жолдың сапасы – ұтымдылық дәнекері
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»


Сәрсенбі күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек ДҮЙСЕБАЕВ облыстағы көлік жолдарын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Алқалы жиынға облыстық басқармалар мен «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ Қарағанды филиалының басшылары, сондай-ақ, селекторлық режимде қалалар мен аудандар әкімдері қатысты. Кеңеске облыстық және республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу мен бабында ұстауды жүзеге асырушы негізгі мердігер ұйымдардың жетекшілері де шақырылды.
Өзінің өзектілігін ешқашан жоғалт­пайтын маңызды мәселе бойынша баяндаманы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Абайділда Санаубаров жасады. Жауапты тұлға мәлім еткендей, облыстың көліктік инфрақұрылымын дамыту аясында 2016 жылы аталған сала қажеттілігіне 38,2 млрд. теңге қарастырылған. Соған орай, жалпы қолданыстағы ұзындығы 510 шақырымды құрайтын авто­көлік жолдары жөндеуден өткізілмекші.
Облыста жолдарды жөндеу­ге қатысты әзірленген Жол картасына сәйкес, төмендегідей көлемде жөндеу жұмыстары жүргізіледі:
– республикалық маңызы бар 231 шақырым жол жөн­деледі, оның ішінде, қайыра жаңғырту – 93 шақырым; күрделі жөндеу – 22 шақырым; орташа жөндеу – 116 шақырым (30,6 млрд. теңге).
– облыстық маңыздағы 219 шақырымды құрайтын авто­­көлік жолдары жөндеу жұмыс­тарымен қамтылады, оның ішінде, қайыра жаңғырту – 9 шақырым; күрделі жөндеу – 2 шақырым және 1 көпір; орташа жөндеу – 208 шақырым (4,067 млрд. теңге).
– аудандар мен қалалардың мақсатты трансферттері бойынша 32 шақырым жол жөнделеді (сомасы 660,4 млн. теңге , Абай, Ақтоғай, Шет, Жаңаарқа аудандары және Қаражал, Теміртау, Жезқазған, Саран қалалары).
– Қарағанды қаласына об­лыс­тық бюджеттен бөлінген транс­ферт 3,553 млрд. теңгені құрайды. 28 шақырым автокөлік жолы жөндеуден өткізіледі.
Аталған жұмыстарды атқару кезінде 2000-ға жуық жұмыс орындары пайда болады.
Қазіргі болжам бойынша жақсы және қанағаттанарлық дәрежедегі жолдардың үлесі 75 пайызға жетеді.
Кеңесте сондай-ақ, «Қаз­АвтоЖол ҰК» АҚ Қарағанды филиалының директоры Қанат Шаймин де баяндама жасады. Республикалық маңызы бар автокөлік жолдарын дамытуға қатысты сөз қозғаған жауапты сала басшысының айтуынша, 2016 жылдың жоспарлы шараларына сәйкес, сомасы 30,64 млрд. теңге бюджет қаражатын игеру жоспарланып отыр. Оның ішінде, қайыра жаңғыртуға – 26,174 млрд. теңге; күрделі жөндеуге – 1,866 млрд. теңге; орташа жөндеуге – 1,197 млрд. теңге, жолдарды күтіп-ұстауға – 1,4 млрд. теңге қарастырылған.
Жиын барысында сондай-ақ, автокөлік жолдары құры­лысын салу жолдарды жөндеу кезінде инновациялық тәсілдер мен шамалық-техникалық та­лаптарға жауап бере алатын заманауи материалдарды қолдану, жұмыс үдерісіне тың технологияларды енгізу мәселелері де кең тұрғыда талқыға түсті. Алдағы уақытта қолданысқа енгізілетін жаңа технологиялар автокөлік жол­дарының сапасын арттырумен қатар, бюджеттен бөлінетін қаржыны үнемді пайдалануға да мүмкіндік береді.
Кеңес қорытындысында аудандар мен қалалар әкімдеріне, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ Қарағанды филиалының басшыларына облыстық маңызы бар автокөлік жолдарында жүргізілетін жұмыстардың барысы мен сапасына бақылауды күшейту және жолдарды жөндеу үдерісіне жаңа технологияларды енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру туралы тапсырма берілді. Сонымен қатар, Асылбек Дүйсебаев кеңеске қатысушы мердігер ұйымдардың жетекшілерінің есіне жөндеу жұмыстарын талапқа сай сапалы жүргізу және жолдарды жазғы мерзімде, тиісінше, күтімде ұстау қажеттілігін салды.   

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 188
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px