Жолды жаңғырту – жүйелі - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Жолды жаңғырту – жүйелі
Бейсенбі күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек ДҮЙСЕБАЕВ елдің Орталық-Оңтүстік бағыттарын жалғастыратын «Астана-Қарағанды-Балқаш-Алматы» автокөлік жолындағы қайыра жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан телімдерде болып, маңызды мәселенің қазіргі таңдағы жай-күйін бағамдады.  
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»

Аталған жұмыс ауқымының аясында Қарағанды облысы аумағында қайыра жаңғыртумен 669 шақырым жол көлемі қамтылады, оның ішінде, 93 шақырым – «Анар-Теміртау» жол телімінде, 576 шақырымы – «Теміртау-Сарышаған» бағытында. Қазіргі күні жұмыстар 4 төлімде жүргізілуде. Жаңғыртылған «Анар-Осакаровка», «Осакаровка-Батпақ» және «Баймырза-Теміртау» жол телімдері пайдалануға биылғы жылы берілсе, «Батпақ-Баймырза» бағытындағы жұмыстар 2017 жылдың басында тиянақталмақшы. Соған орай, жұмыстар – жүйелі. Барлық телімдер қажетті техникалар және адам күшімен толық көлемде қамтамасыз етілген.
Мемлекеттік «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында тікелей қатыстылығы бар барлық деңгейлі әкімдіктер мен мердігер ұйымдардың арасында меморандумдарға қол қойылған. Тиісінше, жол құрылысы нысандарында жергілікті тұрғындарды еңбекпен қамтудың алғашарттары қарастырылған. Сонымен қатар, салық түсімдері базасын ұлғайту мақсатында жол-құрылыс жұмыстарымен шұғылданатын ұйымдар Осакаров ауданы мен Теміртау қаласында өз өкілдіктерін тіркеуден өткізген.
Жұмыстың нақты ахуалымен танысып, мердігер ұйымдардың басшыларымен жүздескен Асылбек Дүйсебаев олармен ортақ мүдделі істі ілкімді ете түсуге қатысты ойларымен де бөлісті.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 173
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px