Әзірлік – әкім назарында - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Әзірлік – әкім назарында
2 наурыз күні облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ Абай ауданы және Шахтинск қаласында жұмыс сапарымен болды. Бірнеше әлеуметтік нысанды аралап көріп, көктемгі су тасқынына әзірлік барысымен танысты.

Мәселен, аймақ басшысы Абай ауданының Құрма селосында апатты мектептің орнына салынып жатқан 320 орындық білім ошағының құрылысын бақылады. Бүгінгі күнге дейін оқу ғимаратының, шаруашылық бөлімі және спорт залының шатырын жабдықтау жұмыстары толық аяқталған. Қазір бұл нысанның ішкі бөлігін жөндеу-жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба бойынша, жаңа мектепте 8 бастауыш сынып кабинеті, 3 мультимедиялық, 1 лингафондық, 3 компьютерлік және жаңа модификациялық кабинет іске қосылады. Білім ошағының пайдалануға берілетін мерзімі – осы жылдың мамыр айына белгіленген.
Облыс әкімі Топар кентіндегі «Қазақмыс Энерджи» ЖШС МАЭС су торабына да барды.
Аймақ басшысының алдында Абай ауданының әкімі Серік Шайдаров су тасқынын өткеру және ТЖ алдын алуға бағытталған жұмыстар туралы есеп берді. Сондай-ақ, Нұрмұхамбет Әбдібеков МАЭС директоры Владимир Черепановтың Шерубай-Нұра су қоймасының жағ­дайы туралы есебін де тыңдады.
Бұдан соң облыс әкімі Көксу селолық округі жолындағы аспалы көпірге де аялдады. Мұнда судың тасқынын болдырмау үшін, жол жиегін нығайту жұмыстары қолға алынған.
Нұрмұхамбет Әбдібеков Шахтинск шаһарында Соқыр өзенінің үстінен өтетін аспалы көпірді көзбен көріп, қала әкімі Сержан Аймақовтың мезгіл мәселесіне әзірлік туралы есебін тыңдады. Шахтинск өңірінде биылғы жылы ұзындығы 8 шақырым болатын айналмалы арық пен 51 ағын суды қабылдағыш тазартылған. Су тасқынының қаупі бар аумақтардың тұрғындарымен кездесулер өткізіліп, оқшаулағыш материалдардың, жанар-жағар­майдың, ыдыс-қаптардың қажетті қоры жасақталған.
Жұмыс сапарының соңында Нұрмұхамбет Әбдібеков көктемгі су тасқыны мерзімін қауіпсіз өткізу мақсатында бірнеше тапсырмалар жүктеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 226
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px