Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 21.01.2018

Төл жарысы

Мал төлдеп  жатқан шақ. Кешқұрым өріс­тен мал келгенде  жан-жақтан жүгіре шығып, бөлісіп қамап алу керек. Рзекеңнің үйінде көмек қолын созар ешкім жоқ, әйелі ғана. Жарына малдың бір жағынан шығып басын қайыр десе, жас босанған  әйелі:

Шыға алмаймын енді босандым, жас  бала бар десе, Рзекең:

– Өй, сен де бір,  тура мал төлдегенде ба­ла туатын уақытты тапқан екенсің, –депті.

Кәрі төбет

Ауыл басшылары ауылдың жай-күйін білмек ниетпен ауыл аралап жүреді. Ырзық атайдың есігінің алдында жатқан кәрі төбет итке бастықтың көзі түседі.

Рзеке, мына итің кәрі ғой, атып көзін құртпайсың ба, – десе, Рзекең:

– Онда үйдегі үлкен қарт шешемді де атып тастайын ба, – депті.

 

Тау беріп жіберсін

Сол шақтарда  Бегілік (Сүндет) ағай ауыл фермасында меңгеруші болып  тұрған. Ырзық атай – қойшы. Бастық қол астындағыларға ескертуінде:

– Ырзыққа айтыңдар! Малды жүдет­песін, тауға апарып бақсын! – дейді. Бұй­рықты естіген Рзекең:

– Онда Сүндетке сәлем айтыңдар, тау беріп жіберсін, – депті.

 

Тоқымды болған  Рзекең

Совхоз болып құрылған шақта аудан басшылары тексеріс жүргізуге жиі келеді екен. Хатшының келетіні жөнінде барлық қойшыларға алдын ала ескертіледі. Рзекең хатшының алдына есеп беруге  келерден бұрын аттың ер-тоқымын тобылғының арасына тығып, жайдақ мініп келеді. Хатшы:

– Рзеке, мынауың  қалай, ер-тоқымың қайда?

– Тоқым  қолды болған, қойды тоқым­сыз баққаныма бірнеше айдың жүзі болды, – депті. Басшылар ертеңінде  ер тұрманы түгел,  ерттеулі ат беріп жіберіпті.

 

Жинақтаған  Аяулым  СОВЕТ.

АҚТОҒАЙ ауданы.
 Пікірлер: 0
 Оқылған: 1094
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1206
count 88x31px