Абылайхан Риоға барады - Спорт - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Абылайхан Риоға барады
Нұрқанат ҚАНАФИН,
«Орталық Қазақстан»

Сүйінші, Алаш! Арқаның аты озды. Алла сәтін салса, абайлық өрен
Абылайхан ЖҮСІПОВ мұхит асып, Рио Олимпиадасына жол тартпақ.

Бұл күндері қоңсы Қытайдың Цзяньан қаласында Рио Олимпиадасына іріктеу бәсекесі өтіп жатыр. Аталған турнирде 64 келі салмақта өнер көрсетіп жүрген Абылайхан қарсылас шақ келтірмей келеді. 31 наурыз күні жартылай финалда қытай Цянксун Худы айқын басымдықпен жеңді. Сөйтіп, ақтық сынға шықты және Олимпиадаға жолдама алды.
Финалдық кездесу бүгін өтеді. Мұнда жерлесіміз моңғол Чинзориг Баатарсух пен қырғыз Ермек Сәкенов арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен қолғап түйістіреді.
Сүйінші хабарды ести сала Абылайханның әкесі Қайрат ағаға қоңырау шалған едік. Жүрегін қуаныш кернеген әке ағынан жарылды.
Қайрат ЖҮСІПОВ:
– Бұл – бір менің ғана емес, бүкіл қазақтың абыройы деп ойлаймын. Құдайға тәуба, ұлым биіктен көрінді. Шешесі Бақытгүл екеуіміздің қуанышымызда шек жоқ. Барлық тілеуқор ағайынға алғысым шексіз. Абай бокс мектебінің негізін қалаушы Андрей Райштың, алғашқы бапкері Бауыржан Аманбаев пен Александр Стрельниковтің алдында әкелік жүрегіммен басымды иемін. Мен ұлымның Риоға баратынына сенімді болдым. Сенімім алдамады. Алла қолдап, Абылайханым Олимпиадада да қазақтың көк Туын желбіретсе екен деймін.
Бейсенбі күні тағы бір жақсы жаңалықты естіп, қуанып қалдық. Теміртаулық егіз қыздар – Екатерина мен Александра Немичтер де Олимпиадаға барады. Бразилияның Рио де Жанейро қаласында синхронды жүзуден өткен квалификациялық турнирде Олимпиада лицензиясын олжалады. Бүгінде Еуразия ұлттық университетінің ІІІ курсында оқитын бойжеткендер қорытынды есепте 10-ыншы сатыдан көрінді. Егіздердің бапкері Жанна Демченко шәкірттерінің жетістігіне дән риза. Қос қуаныш құтты болсын!

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 230
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px