Алаштың айбарын танытып... - Спорт - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Алаштың айбарын танытып...
Қазақтың айбарлы ұлы Қанат ИСЛАМ Алаш рухын және бір мәрте асқақтатты. Ұлы Жеңіс күні, яғни, 9 мамырда АҚШ-тың Флорида штатында колумбиялық Хуан де АНХЕЛЬМЕН қолғап түйістірген қазақстандық боксшы 6-ншы раундта жеңіске жетті.
Нұрқанат ҚАНАФИН,
«Орталық Қазақстан»


Қанат – «WBA Fedelatin» және «WBA FideCaribe» тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Кәсіпқой бокс карьерасындағы 21-інші кездесуінде осы атақтарын абыроймен қорғап қалды. Бұған дейінгі жекпе-жектерінің барлығын жеңіспен аяқтаған Қанат 18-інші қарсыласын нокаутпен ұтты.
Анхель 2008 жылдан бері кәсіпқой бокста өнер көрсетіп келеді. 22 кездесуінің 18-інде жеңімпаз атанған. Ал, Қанат кәсіпқой боксқа 2012 жылы ғана ауысты. Десе де, таң бозынан теледидарға үңілген біз қазақ боксшысының асығы алшысынан түсеріне бек сендік.
Қанат алғашқы секундтардан-ақ кездесу тізгінін қолға алуға тырысты. Анхель де осалдық танытпады. Бірнеше мәрте соққы да жасады.
2-нші раундта Қанаттың басымдығы айқын көрінсе, келесі екі раундта боксшымыз қарқынын азайтты. Дегенмен, тізгінді қолдан шығармады. Тіпті, 4-інші раундтың соңында Анхельге күшті соққыларын жаудырды.
5-інші раундта да Қанат Анхельді уысында ұстады. Ал, 6-ншы раундта колумбиялық нокдаун алып, есеңгіреп қалды. Және осыдан кейін Анхельдің кездесуді жалғастыра алмайтындығы анық байқалды. Қанат техникалық нокаутпен жеңімпаз танылды. Сөйтіп, қазақы қоңыр тақия киіп, Көк Туды жамылып шыққан Қанат Алаш айбарын төрткүл дүниеге танытты.
Қанат жайлы сөз қозғағанда белгілі меценат, «ZHERSU» корпорациясының төрағасы Бауыржан Оспанов туралы да айтпай кетуге болмас. Боксшы жігіттің қоңсы Қытайдан туған жеріне қоныс аударуына себепкер болған Атымтай жомарт қазіргі таңда Қанатқа демеушілік танытып жүр. Сондықтан, Қанаттың кәсіпқой бокс карьерасындағы әрбір жетістігінде Бауыржан мырзаның үлесі зор деп білуіміз керек. Қазақтың қос ұлы тізе қосып, Алаштың есімін айдай әлемге танытуда.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 145
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px