Арқа спорты – арынды - Спорт - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Арқа спорты – арынды
Нұрқанат ҚАНАФИН,
«Орталық Қазақстан»
Таэквондо
Қазақстандық жас таэквондошылар Азияда – бірінші. Алматыда өткен Азия чем­пионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте жеңіс тұғырының биі­гіне көтерілді.
Чемпионатқа 17 мемлекеттен 350 спортшы қатысты. Қарағандылық 27 балғын таэквондошы ұлттық құрама сапынан кө­рінді. Нәтижесінде, қарағандылықтар 19 алтын, 14 күміс, 3 қола медальға қол жет­кізді.
Қорытынды есепте 11-13 және 14-17 жас аралығы бойынша ел құрамасы бірінші орынды олжалады. Ал, ересектер арасындағы додада Кореядан кейін екінші орынға тұрақтады.
Акробатика
Қарағандылық жас акробаттар Никита Амоскин мен Анастасия Долганюк Қытайда өткен әлем чемпионатынан қола жүлдемен оралды.
Біріншілікке 36 елдің өкілі қатысты. Никита мен Анастасия аралас жұптар сыны бойынша 12-18 жас аралығында үшінші орынды еншіледі. Былтыр аталған жұп Азия чемпионы атағын иеленген еді.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 172
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px