Қарағанды спортының қуаты - Спорт - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Қарағанды спортының қуаты
Нұрқанат ҚАНАФИН,
«Орталық Қазақстан»
Үстел теннисінде қарағандылық қыздар – мықты. Көмірлі шаһарда аталған спорт түрінен өткен ел чемпионатында біз­дің бойжеткендер командалық есепте көш бастады.
Құрамына Наталья Сладкова, Юлия Гац, Юлия Рябова, Зәуреш Ақашева және Маргарита Харечко сынды теннисшілер енген команда қарсылас шақ келтірмеді. Ал, жеке сайыста Наталья Сладкова – алтыннан, Юлия Гац – күмістен алқа тақты.
Ерлер арасындағы сында Эрик Райтер күміс медальға қол жеткізді.
Жалпы, чемпионатта қарағандылық спортшылар 3 алтын, 3 күміс және 1 қола медальді қоржынға салды.
Теміртау қаласы тұсындағы Самарқан су қоймасында академиялық ескек есуден Қазақстан Кубогі мәреге жетті. Нәтижесінде, қарағандылық ескекшілер командасы І орыннан көрінді.
Жарысқа ел аймақтарынан 78 спортшы қатысты. Жерлестеріміз тегеурінді қарсыластарынан басым түсіп, түрлі сындар бойынша 19 медальді еншіледі. Оның ішінде, 10 алтын, 4 күміс, 5 қола медаль бар.
Қарағандылықтардың топ жаруы тегін емес. Себебі, біздің спортшылар Қазақстан құрамасының басым бөлігін құрайды. Светлана Германович және Виталий Васильев есімді қос ескекшіміз Рио Олимпиадасына дайындалуда.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 341
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px