Қарағандыдағы алғашқы жеңіс - Спорт - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

«Шахтердің» турнир кестесіндегі ахуалы мәз емес екендігі белгілі. 12 ойында небары екі рет ұтып, үш мәрте тең түскен клуб 10-шы орында келеді. ХІІІ турда «Тобылды» жеңіп, үш ұпайды олжаласа да, сол сатыдан жылжып кете алмады. Десе де, бұл жеңіс жанкүйерлерді бір желпінтіп қойғаны айқын.

«Тобылдықтар» ойынды белсенді бастады. Тіпті, бір-екі мәрте біздің қақ­­памызға қауіпті соққы жасап, есеп ашып кете жаздады.

Қарағандылықтар сапынан Деслей Уббник «тобылдық» қақпашының есін шығарды. Алайда, Александр Пе­тухов барлық жағдайда орнынан та­былды.

Әйткенмен, қарағандылықтар сол қар­қынмен қостанайлықтардың қақпасын алды. Ойынның 42-ші минутында Қуаныш Ермековтің оң қапталдан көтерген добын Мақсат Байжанов торда тулатты. 1:0.

Үзілістен кейін қостанайлықтар таразы басын теңестіруге ұмтылды. Бірақ, қақпашы Ярослав Багинскийден айлаларын асыра алмады. Таблодағы көрсеткіш ойын соңына дейін сақталды.

Келесі турда қарағандылықтар керекулік «Ертіспен» кездеседі. Ойын 2 маусым күні Павлодарда өтеді.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 357
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px