Қарағандылық қызда – қола медаль - Спорт - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Қарағандылық қызда – қола медаль
Нұрқанат ҚАНАФИН,
«Орталық Қазақстан»

Қарағандылық бокс­шы бойжеткен Айжан ҚОЖАБЕКОВА Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медель иегері атанды.
57 келі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз ширек финалда қытайлық Гао Мейлингтен басым түскен еді. Өкінішке қарай, жартылай финалда үнді қызы Сон Лазерге есе жіберіп, жаһан додасының қола жүлдесіне қол жеткізді.
Қарағандылық тағы бір қыз Виолетта Князева 75 келі салмақта бәсекеге араласқан-ды. Алайда, қарсыластарынан басым түсе алмаған Виолетта, тек, бесінші орыннан көрінді. Ол ширек финалда американдық Кларис Шилдстен ұтылып қалды.
Айта кетейік, Елордадағы «Барыс – Арена» кешенінде өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 19 мамырда басталған. Кеше – 27 мамырда мәреге жетті. Тоғыз салмақ бойынша өткен чемпионатта Рио Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынды. Қазақстандық Жайна Шекербекова осы бәсекеде бокстан әйелдер құрамасының екінші жолдамасын иеленді. Алғашқы жолдаманы Қытайда өткен турнирде Дариға Шакимова еншілеген-ді.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 306
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px