Арманға жетелеген жарыс - Спорт - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Арманға жетелеген жарыс
Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар арасында өтетін футболдан 3 мамыр күні Қазақстан чемпионаты жалауын желбіретті. «Арманыңа жақында» деп аталатын турнирға «Литвинский» мектеп-интернаты, «Пионер» және «Құлыншақ» балалар үйлерінің тәрбиеленушілерімен қоса «Таңшолпан» балалар үйінің командасы да қатысты. Шараны ұйымдастырушы «Бауыржан» қайырымдылық қорының мақсаты – болашақта ел футболын өркендетуге үлес қосатын жас ұрпақты тәрбиелеу.
Спорт сайысына «Таңшолпан» балалар үйінің тәрбиеленушілері төртінші жыл қатарынан қатысып, жыл сайын үздік атанып келеді. Былтырғы республикалық чемпионатта Тараз қаласының «Тұлпар» командасын ұтып, Германияның атақты «Бавария» футбол клубының үздік ойыншыларымен жүздесу мүмкіндігіне ие болған еді. Ал биылғы жеңімпаздар Мадридтік «Атлетико» клубының футболшыларымен кездесетін болады. Биыл да биіктен көрініп, Алматы қаласында өтетін республикалық чемпионатқа жолдама алған тәрбиеленушілерімізге сәттілік тілейміз.  
Зульфира СЕРҒАЗЫ,
«Таңшолпан» балалар үйінің әдіскері.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы. 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 323
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px