Қарымта қайтарды - Спорт - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Қарымта қайтарды
Нұрқанат ҚАНАФИН,
«Орталық Қазақстан»

«Сарыарқа» хоккей командасы Төменгі Новгородтың «Торпедосын» тұқыртты. Жоғарғы хоккей лигасының плей-офф кезеңінде кездескен қос қарсылас 3:5 есебімен тарқасты.
Қарағандыда өткен екі матчта «Сарыарқа» ресейліктерге 1:2, 2:3 есептерімен есе жіберген еді. Үшінші ойында қарымта қайтарудың сәті түсті.
Алғашқы минуттардан-ақ қарсыластар есеп ашуды көздеді. Ойын бірден қызып сала берді. Жетінші минутта «сарыарқалық» Максим Казаков гол салды. 0:1. Арада бір жарым минут өте «торпедолық» Роман Козлов таразы басын теңестірді. 1:1. Бұдан кейін «Сарыарқа» жағынан Максим Рогов мергендігімен танылса (1:2), «Торпедо» сапынан Александр Шин қарымта қайтарды. 2:2. Алғашқы кезеңнің тәмамдалуына таяу қалғанда Евгений Рымариев «Торпедоны» алға шығарды. 3:2.
Екінші таймда көрермен қауым соғылған голдың куәсі бола алмады. Есесіне, соңғы тайм жанкүйердің делебесін қоздырар тартыспен өтті.
44-інші минутта қарағандылық Виталий Смольянинов есепті 3:3-ке жеткізді. 50-інші минутта Максим Беляев «Сарыарқаның» басымдығын арттырды. 3:4. Ойынның шымылдығын түсірер сәтте Роман Благой голдар шеруіне нүкте қойды. 3:5.
Қазір «Сарыарқа» турнир кестесінің сегізінші сатысында. Қоржында – 87 ұпай.
Плей-офф шеңберінде қарағандылық клуб «Торпедомен» енді екі мәрте кездеседі. Ойындардың бірі – 5 наурыз күні «Қарағанды – Арена» мұз сарайында өтеді.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 246
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px