Атбасардан – абыроймен - Спорт - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Жуырда Ақмола облысының Атбасар қаласында бокстан Халықаралық ХVІ турнир өткен болатын. Байрақты бәсекеде қарағандылық жас боксшы Бауыржан НЫҒМЕТОВ І орынды жеңіп алды.

Спорттық іс-шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Атбасар қаласынан шыққан боксшылар рухына арналды. Мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шеберлікті арттыру. Сондай-ақ, Қазақстан және ТМД қалалары спортшылары арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.

Бауыржан бұл жарыста 32 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Жеңісті жолдарды жаңғыртып, Қарағанды боксының қарқынын байқатты. Болашағы зор екендігін көрсетті. Шаршы алаңда қырсылас шақ келтірмей, І орынды қанжығаға байлады.

Жеңімпаз атанған жас боксшының бапкері – Қуаныш Қауашов.

Бауыржанға биіктерді бағындыра бер деген тілек айттық.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 705
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px