Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019
Елбасымыздың жүргізіп отырған сая­сатында елімізде бұқаралық спортты да­мытуға ерекше мән берілген. Соның ішін­де  бесігіміз, ауыл  спортын өркендету, маңызды  міндеттердің бірі болып са­на­лады.  Оның  жергілікті жерлерде  жасөс­пірімдер мен балалар тәрбиесінде  шешуші  роль  атқаратыны баршамызға белгілі. 
Бүгінде Шет ауданына қарасты Нұ­раталды ауылында осы  бағытта  ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылып, өз нәтижесін беріп келеді.  Осындағы  ауыл жастары мен мектеп  оқушылары  аудандық балалар мен жасөспірімдер  спорт мектебінің во­лейбол бөлімінің жаттықтырушысы Асқар Мүфтиевтің  жетекшілігімен спорттың әр  түрлерімен айналысып, айтулы  жетістік­терге  жетуде.  Ауылда қазақ күресі, то­ғыз­құмалақ,  үстел теннисі, волейбол,  фут­­болдан үйірмелер тұрақты жұмыс жа­­сауда. Көршілес Кеншоқы, Талды,  Қы­зылқой ауылдарымен өзара жолдастық кездесулер өткізу бұлжымас  дәстүрге айналған. Әрбір атаулы мерекелік күндері селолық округте  спорттың  әр түрінен жа­рыс­тар ұйымдастырылып тұрады. Түр­лі  деңгейдегі  жарыстарда  ата-ана­лар қауымы үнемі  балаларына  жан­күйер­лік  жасап, үнемі олардың жол шығы­нын өтеп, қаржылық қолдау  көрсетіп  оты­ратыны қуантады.  Жергілікті жас­тардың  салауатты өмір салтын дәріп­теу­ге  деген  құлшынысы  жоғары. 
Нә­­­ти­­же­сінде  2011 жылы   волейболдан өт­­кен облыстық  оқушылар спарта­киа­дасында Шет ауданының  атынан сынға  түскен  Нұраталдылық жігіттер мен қыздар командасы жүлделі  ІІ орынды иеленсе, биылғы жылы аталмыш спартакиадада жігіттер І орын, қыздар ІІ орынды  жеңіп алды. Кейінгі  өт­кен дүбірлі өткен  жа­рыста  11-сынып оқушысы  Ақниет  Қон­қаев облыстық спар­та­киаданың ең үз­дік волейбол ойыншысы  атанды.  Спорт­тың аталған түрінен өткі­зі­летін са­йыстарда  аудан  намысын қор­ғап  жүрген ауыл жастарының ішінен жігіт­терден Еркін Татыханов, Әсет Серіков,  қыз­дардан  Адина Бәйізбекова, Әсел Әб­дірахманова, Назерке Кәрімовалар  озық  ойын үлгісін  көрсетіп келеді. Жас  өрендердің  салауатты өмір салтын  на­сихаттауда  мардымды көрсеткіштерге жет­кізгені  үшін білікті  жаттықтырушы Ас­қар Сағынтайұлы  Қарағанды  облыстық де­не шынықтыру,  спорт және туризм  басқармасы  бастығының  құрмет грамо­тасымен  марапатталды. 
Олай болса ауыл спортының  жана­шыры  Асқар жә­не   оның спорттағы  шәкірт­тері – жас  оғыланда­рымызға ақжол­тай  же­ңістер тілейміз!
Дархан УӘЛИЕВ,
ҚР Журналистер Одағының  мүшесі.
ШЕТ ауданы.
 Пікірлер: 0
 Оқылған: 1043
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px