Қазақтың айбыны Қарағандыда - Спорт - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Геннадий әуелі Майқұдықтағы өзі оқыған №65 орта мектепке барды. Ұстаздар ұжымымен, оқушылармен кездесті. Мектеп қабырғасында бағдарламаға қажетті бірнеше кадрлар түсірілді.

Чемпионның Қарағандыдағы сапары Н.Әбдіров атындағы спорт сарайында жалғасты. Мұнда Геннадий бокс залында болды.

Головкиннің ресми өкілі Олег Германның айтуынша, бағдарлама боксшының алдағы уақытта өтетін кездесуіне арналмақ. Өздеріңіз білетіндей, Альварес орта салмақтағы «WBC» белбеуінен бас тартқаннан кейін «Қарағанды қабыланы» кәсіпқой бокстағы сөзсіз көшбасшыға айналды. Оған, тек, «WBO» белбеуіне қол жеткізу ғана қалды. Бұл үшін белбеу иегері – ағылшын Билли Джо Сондерсті жеңу қажет. «Головкиннің келесі кездесуі қыркүйек айында өтеді» деп жоспарлануда. Әзірге қарсылас есімі белгісіз.

Бұл сапарында жұмыс кестесінің тығыз болғанынан чемпион бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесе алмады.

– Бүгін біз Астанаға жол жүреміз. Одан кейін Англияға сапар шегеміз. Жұмыс – көп, уақыт – аз. Кестеден қалмауымыз қажет. Бұйыртса, Геннадий қараша-желтоқсан айларында Қарағандыға келуі мүмкін. Сол кезде тілшілер қауымымен міндетті түрде кездесетін боламыз, – дейді ресми өкіл.

Туған елін, кіндік қаны тамған жерін төрткүл дүниеге танытып жүрген «Сары қазақтың» уақыт тауып, түлеп ұшқан алтын ұясына арнайы барғаны кеудемізге қуаныш сыйлады. Балдырғандармен жүздесіп, аз-кем әңгімелескен чемпион осы сапарында да жас жүректерге шынайы патриотизмнің дәнін сепкені сөзсіз.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 544
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px