Азиада Барысы - Спорт - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Азиада   Барысы
Төрехан Майбас,
«Орталық Қазақстан»

2011 жылдың қаңтар-ақпанында әлем жұртшылығы назарын Астана мен Алматыға тіктеді. Қазақ топырағында тұңғыш рет VII Қысқы Азиада ойындары өтті. Әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан  еліміздің негізгі екі қаласында бірегей спорт кешендері салынды.  Әлемдегі коньки тебу стадиондары рейтингінде бірінші орынды иеленген «Алау» жаңа мұзайдыны дүниеге келді. Шорт-трек және мәнерлеп сырғанаудың «Сарыарқа» велотрегі де теңдессіз құрылыстар қатарына жатады.
Азиаданың қарсаңында Алматыда К-125, К-95 халықаралық шаңғымен тұғырдан секіру кешені салынды. Бұл кешен 2010 жылдың ең үздік трамплині атанды. Сонымен қатар, Алматыдағы тау биігінде орналасқан «Медеу» спорттық кешені, «Шымбұлақ» тау шаңғысы базасы және ойындардың жабылу рәсімі өткен Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы қайта жарақтаудан өтті.  Шаңғы-биатлон стадионы салынды.
Азиаданың ашылуы «Астана Арена» стадионында өтті. Салтанатты рәсімге елдің басшылығы, Халықаралық Олимпиадалық комитеттің және Азия Олимпиадалық кеңесінің президенттері, өзге де құрметті қонақтар қатысты.
VII Қысқы Азиада ойындарына әлемнің 27 елінен мыңнан астам спортшы қатысты. Жарыстардың бағдарламасына 11 спорт түрі енгізілді: коньки тебу спорты, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, допты хоккей (бенди), шаңғы жарысы, биатлон, тұғырдан шаңғымен секіру, тау шаңғысы, фристайл, шорт-трек, шаңғыға лайықталған қысқы спорттық сайыс. 69 медаль сарапқа салынып, қысқы Азиада тарихындағы рекордтық көрсеткіш болды.
Қазақстан командасы осы жолы өздерінің кім екендіктерін көрсете алды. Осы  Азиадада алтын медальдың саны бойынша рекорды жаңартып (32), жалпыкомандалық есепте айқын басымдылықпен бірінші орынды жеңіп алды. Құрамамыздың қоржынындағы 70 награда болса, оның 21-і күміс және 17-сі қола еді.
Екінші орынды Жапония (13 алтын, 24 күміс, 17 қола) иеленді, үшінші орынды Оңтүстік Корея (13 алтын, 12 күміс, 13 қола) ие болды. Басты жүлдеден үміткер саналған Қытай құрамасы төртінші орынды (11 алтын, 10 күміс, 14 қола) иеленді.
Еліміздің намысты ұлдары мен қыздары қысқы Азиаданың жұлдыздарына айналды. Қазақстан спортшылары арасынан екі алтын, бір күміс медальды жеңіп алған биатлоншы Елена Хрусталеваны, фристайл бойынша екі алтынға қол жеткізген Юлия Галышеваны, ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан алтын алған Денис Тенді атап өтуге болады. Қазақстанның шайбалы хоккей бойынша ерлер және әйелдер командасы алтын медаль алып, өз жанкүйерлерін қуантты.
Жарыстың барысын шетелдік екі мыңнан астам журналист, әлемнің жарты миллиардтан астам тұрғыны тамашалады.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 753
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px