Байрақты бәсеке мәреге жетті - Спорт - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Байрақты бәсеке мәреге жетті
Қарағанды қаласындағы Ә.Молдағұлова атындағы спорт мектеп-интернатында 13-15 мамыр аралығында еркін күрестен 2000-2001 жылдары туған жасөспірімдер арасында дәстүрлі XVII «Жеңіс күні» республикалық турнирі өтті.
Осымен он жетінші мәрте ұйымдастырылған турнирге облыстардан 11 команда, яғни, екі жүзге жуық спортшы бақ сынады.
Жарыстың мақсаты – жасөспірімдер арасында еркін күреске деген қызығушылықты арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылды. Белгілі жаттықтырушы Александр Мыцык бас төрешілік жасады.
Дүбірлі  жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында 42 келі салмақ дәрежесінде Шахзод Ибрагимов (Шымкент қ.), 46 келіде Мейіржан Байтаев (Шымкент қ.), 50 келіде Диас Талғатұлы (Тараз қ.), 54 келіде Абылай Шелекбаев (Алматы обл.), 58 келіде Зейін Жамаш (Тараз қ.), 63 келіде Марат Қырғызбай (Тараз қ.), 69 келіде Анвар Мамедов (Қарағанды обл.), 76 келіде Александр Ясаков (Қарағанды қ.), 85 келіде Дәулетхан Темірбаев (Қарағанды обл.), 100 келіде Заманбек Әміржанов (Қарағанды обл.) жеңімпаз атанды.
Қыздар арасында жеңімпаз тұғырына қарағандылық қыздар көтерілді. 40 келі салмақ дәрежесінде Аяулым Сертай, 52 келіде Әйгерім Русланқызы, 56 келіде Ләйлә Смаилова, 70 келіде Іңкәр Жанатаева І орынды иеленді.
Сейсенбай ШАЙЗАДА,
ҚарМУ журналистика бөлімінің
І курс студенті.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 171
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px