Балуандар – боз кілемде - Спорт - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Балуандар – боз кілемде
Білекті балуандар Арқада кездесті. Өткен аптада Қарағанды қаласында қазақ күресінен ерлер мен əйелдер арасында ел чемпионатының байрағы желбіреді.
Төрт күнге жалғасқан боз кілемдегі бәсекеге елі­міздің əр өңірінен келген  үш жүзден астам балуан қатысып, күш сынасты.
«Жастар» спорт кешенінде өткен жарыстың ашылу салтанатында ҚР Спорт жəне дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Сəрсен  Құранбек сөз сөйлеп, байрақты бəсекені ашып берді.
Боз кілемдегі əйелдер арасындағы белдесулердің қорытындысы бойынша I орынды 48 келі салмақта Əйгерім Піржанова (Алматы қ.), 52 келі салмақта Гаухар Тұрмаханова (ОҚО), 57 келі салмақта Жансая Мұрат (Қызылорда обл.), 63 келі салмақта Зәмзәгүл Файзолланова (Алматы қ.), 70 келі салмақта Динара Кударова (Қызылорда обл.), 78 келіге дейінгі салмақта Зарина Райфова (Алматы қ.), 78 келі салмақта Арайлым Шегенова (Жамбыл обл.) иеленді. Ерлер арасындағы бəсекеде 74 келі салмақта Айдос Ғалымов (Қарағанды обл.), 82 келі салмақта Дəулет Пахридинов (Жамбыл обл.), 90 келі салмақта Айбол Айтбек (Жамбыл обл.), 100 келіге дейінгі салмақта Мұхит Тұрсынов (ШҚО), түйе балуандар белдесуінде Айбек Нұғымаров (ШҚО) мықты шықты.
Бек НОҒАЙБАЙҰЛЫ,
ҚарМУ-дың І курс студенті.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 168
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px