Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019
Бидайықта спорт алаңы ашылды
Жаңаарқа ауданына қарасты Бидайық аулында ашылған жаңа нысан Елбасының биылғы Жолдауында жүктеген тапсырмаларға орай, жергілікті кәсіпкерлердің күшімен жабдықталды. Стадионда футбол, волейбол ойындарын ойнауға жағдай жасалған. Мектеп оқушыларына арналып жаттықтыру жабдықтары қойылыпты мұнда. 
Стадионның ашылу салтанатына жергілікті халық көп жиналды. Ауылдықтар жастардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалғанына дән риза. Былтырғы жылы 1-ші маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында бұл ауылда еңселі «Бәйтерек» монументі бой көтерген еді, биыл бидайықтықтар спорт алаңының ашылу салтанатына куә болып отыр.
Іс-шараны ауыл әкімі С.Баязитов кіріспе сөзбен ашты. Ауыл жастарының спорт саласындағы жеткен жетістіктерін баяндап, сыйға стадионға керекті құралдар тарту етті. Жиынға  Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры, ақын Қойлыбай Асанов арнайы келіп, ауылдықтардың қуанышымен бөлісті. 
Шара Мәдениет үйінде өткен концерттік бағдарламаға ұласты. Шағын футболдан жарыс өткізіліп, жеңімпаздар анықталды. Кеш соңында тұрғындар жаппай «Қара жорға» биін билеп, жеткіншектерге тегін балмұздақ таратылды, ал ауыл ақсақалдары қымыз, бауырсақ қойылған мерекелік дастарқаннан дәм татты. 
Ақмарал АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ.
ЖАҢААРҚА ауданы.
 Пікірлер: 0
 Оқылған: 668
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px