Білектіде Бекзат мықта - Спорт - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Білектіде Бекзат мықта
Нұрқанат ҚАНАФИН,
«Орталық Қазақстан»

Қарағандылық балуан Бекзат АХМЕТБЕКОВ оңтүстіктен темір тұлпармен оралды.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Жетісай қаласында Қазақстанның еңбегі сіңген бапкері Бақыт Жаңбырбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен республикалық турнир өткен еді. Еліміздің барлық аймақтары мен өзбек, қырғыз, тәжік елдерінен келген 240-тан астам білекті жігіт Жетісайда күш сынасты.
Аталған додада жиырма балуан облыс намысын қорғады. Оларды облыстың аға бапкері Мақсат Ахметбеков бастап барды.
Қарағанды облысы – 4 алтын медальға қол жеткізді. Бекзаттан бөлек, 55 келіде – Нариман Тұтқышев, 74 келіде – Айдос Ғалымов, 100 келіде  Ерсін Мұхамеджанов алтыннан алқа тақты. 60 келіде  Медет Бозов ІІ орыннан көрінді.
Бекзат түйе балуандар бәсекесінде мықты шықты. Сөйтіп, турнирдің бас жүлдесі – «Mersedes» көлігін тақымына басты.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 143
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px