Бішкекте биікті бағындырды - Спорт - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Бішкекте биікті бағындырды
Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,
«Орталық Қазақстан»

Жуырда Қырғызстан астанасы – Бішкекте дзюдо күресінен Бүкілхалықтық  IV турнир өтті. Байрақты бәсекеде Назира ТӨЛЕУБАЕВАНЫҢ бабы шапты, бағы басым болды.

Абыройды асырған – ауыл баласы. Ақтоғай ауданы, Ортадересін орта мектебінің оқушысы.
Бұл жолы біздің Назира 32 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. 2003-2007 жылдар арасында туған қыздар арасында ІІІ орынға табан тіреді. Қоржында – қола медаль.
– Спорт – біздің досымыз. Біз спортты бала кезден серік еттік, – дейді жеңімпаз.
Назираны спортқа баулып, күрестің қыр-сырын ұқтырып жүрген – Шалқар Кемешов. Ортадересін орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі. Шалқар Төлеубайұлының жемісті еңбегі жайлы бұған дейін де жазғанбыз. Себебі, шәкірттері үнемі шыңнан көрініп жүр. Мәселен, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналған Балқаш қаласы біріншілігінде де Шалқардың шәкірттері биікті бағындырды. Қос алтын, қос күмісті қанжығаға байлады.
Бір қуантарлығы, Ортадересін орта мектебі оқушыларының 70 пайызы спорт секцияларына қатысады екен. Мұндағы ұл-қыздардың, әсіресе, қазақша күрес пен дзюдоға деген қызығушылықтары басым.  
Жүлдегер Назира жетінші сыныпты тәмамдады. Ол «Кезекті жеңісімді Тәуел­сіздіктің 25 жылдығына арнаймын» дегенді айтты.
Бәрекелді! Жас балуанға жеңісті жолдарың жаңғыра берсін дедік! 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 332
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px